Степногорск қаласында қала экономикасы тұрақты дамуда Степногорск қаласының әкімі Гайдар Қасенов 2025 жылдың қаңтар–мамыр айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларын баяндады, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен.
Әкімнің айтуынша, есептік кезеңде қала Ақмола облысының өнеркәсіп өндірісіндегі үлесі бойынша 22,7 пайызбен жетекші орын алды. Өнеркәсіптік өнім көлемі 220 млрд теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 26,8 пайызға артқан. Алайда «Қазахалтын» кәсіпорнында кен өндірудің төмендеуі өндіріс индексінің 97,7 пайызға азаюына әсер еткен. Ауыл шаруашылығында 1,8 млрд теңгенің өнімі өндірілді. Агроөнеркәсіп кешенінде 3,2 және 5,8… Читать далее »
