Ақмола облысында жылу жеткіліксіз берілгені үшін тұтынушыларға жылу ақысы қайта есептеледі
Өңірде 2025–2026 жылдардағы жылыту маусымының қорытындысы бойынша жылу жеткіліксіз берілгеніне байланысты тұтынушылардың жылумен жабдықтау қызметіне төлемі қайта есептеледі. Есептеу жылу энергиясын есепке алу құралдары жоқ тұрмыстық тұтынушылар үшін сыртқы ауаның нақты температурасы ескеріліп жүргізілді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Андрей… Читать далее »
