Абайлаңыз, ашық терезе!
Ашық терезе сіздің балаңыз үшін қауіпті болуы мүмкін. Жазатайым оқиғалардың негізі себептері — ересек адамдардың балаларды қараусыз қалдыруы. Жыл сайын биіктіктен құлаудың салдарынан көптеген балалар жарақат алады. ❗️ТЖД ескертеді: кішкентай балаларды әрқашан қадағалаңыз; москит торларына толық сенім артуға болмайды, олар құлаудан қорғауға арналмаған; балаларға ересектердің қарауынсыз балконға шығуға рұқсат етпеңіз. ‼️ Балаларға қамқорлық жасаңыз!… Читать далее »
