Архивы автора: tuganakkol_i68ve445

Науқастарды шұғыл жеткізу үшін тікұшақ алаңы қарастырылған

  Көкшетаудағы жаңа көпбейінді ауруханада санитарлық авиация тікұшағына арналған арнайы қону алаңы бар. Енді дәрігерлер шалғай елді мекендерге шұғыл аттану үшін әуежайға бармай-ақ, аурухана аумағынан тікелей ұша алады.

Ауылдарда 813 медициналық нысан салынды

  2023–2025 жылдары елімізде 813 медициналық нысан бой көтерді. Оның 665-і – ауылдардағы емханалар мен амбулаториялар. Нәтижесінде 1 млн-ға жуық ауыл тұрғыны өз елді мекенінде ем алуға мүмкіндік алды.

Өңірлерде медициналық нысандардың құрылысы қарқынды жүріп жатыр

  Көкшетауда 17 гектар аумақта көпбейінді аурухана салынып жатыр. Нысан 71 пайызға дайын, құрылыс жұмыстары жоспардан екі айға озып келеді. Аурухана жылына 25–30 мың пациент қабылдай алады. Қызылордадағы жаңа аурухана 10 блоктан тұрады. Мұнда емхана, физиотерапия, химиотерапия, радиотерапия және ота жасау бөлімдері, сондай-ақ шалғайдан келген науқастарға арналған пансионат болады. Ал Бескөлдегі жаңа емхана Қызылжар ауданы… Читать далее »

Сырдария жағасындағы аурухана емделуге де,тынығуға да қолайлы болады

  Қызылорда тұрғындары жаңа аурухананың тезірек ашылып, сапалы медициналық көмек қолжетімді болғанын күтеді. Жоба бойынша аурухана аумағына 562 түп ағаш пен көшет отырғызылып, 30 мың шаршы метр көгал мен гүлзар жасалады. Сырдария жағасындағы нысан емдеу орны ғана емес, тұрғындар тынығатын жасыл кеңістікке де айналмақ.

Радиациядан қорғану үшін бетон қабаты 1 метрге дейін қалыңдатылған

  Қызылордадағы жаңа аурухана іске қосылса, өңір тұрғындарына медициналық қызмет қолжетімді бола түседі. Онкология бөлімшесі де заманауи ғимаратқа көшіріледі. Радиология бөлімінде радиациялық қауіпсіздікке ерекше мән берілген. Кей тұста бетон қабатының қалыңдығы 1 метрге дейін жетеді.

Баллонсыз оттегі, медициналық қалдықты өртейтін орын: Жаңа нысанның ерекшеліктері

  Қызылордадағы жаңа ауруханада медициналық газ жүйесі барлық палатаны қамтиды. Соның арқасында мамандарға оттегі баллонын іздеудің қажеті жоқ. Жүйе реанимация мен ота жасау бөлімдерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ нысанда негізгі және резервтік қазандықтар, төтенше жағдайға арналған су қоймалары мен медициналық қалдықтарды жоятын арнайы орын қарастырылған.

Көкшетаудағы жаңа ауруханада 19 операциялық зал бар

  Көкшетаудағы жаңа көпбейінді аурухана Сарыарқа шағын ауданында орналасқан. Осы жерден қаланың ең шалғай нүктелеріне жедел жәрдем 10-20 минутта жете алады. Алыс ауылдар мен көрші аудандардан жеткізілген ауыр науқастар уақыт жоғалтпай, қабылдау бөліміндегі компьютерлік томографиядан бірден өтіп, қажет болған жағдайда тікелей операциялық залға жеткізіледі. Кешенде 3 шұғыл және 16 жоспарлы операциялық зал қарастырылған.

Диагностика мен ем бір кешенде көрсетіледі

  Медицинада алғашқы минуттардың маңызы зор. Бұрын Көкшетауда аурухана бөлімдері әр жерде орналасқандықтан, инсульт немесе инфаркт алған науқасты бірнеше мекемеге тасымалдауға тура келетін. Жаңа көпсалалы ауруханада негізгі қызметтердің барлығы бір жерге шоғырланып, уақыт жоғалтпай көмек көрсетуге мүмкіндік туады.

Бескөлдегі емхана заманауи талапқа сай жабдықталады

  Жаңа емханада қарттар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған лифт, пандус және арнайы көтергіштер қарастырылған. Ғимаратта бес кіреберіс пен екі дәріхана болады. Арнайы кабинеттерде радиациядан қорғайтын қапталған есіктер, күшейтілген қабырғалар және жеке желдету жүйесі орнатылады.

Құрылыс материалдарының 95 пайызы отандық өнім

  Бескөл ауданындағы жаңа аурухана құрылысына пайдаланылып жатқан материалдардың 95 пайызы Қазақстанда өндірілген. Құрылысшылардың айтуынша, терезе, жылу оқшаулағыш материалдар мен кафель секілді өнімдер еліміздің әр өңірінде жасалады. Отандық материалдардың сапасы жоғары әрі ұзақ жыл пайдалануға арналған.

Страница 3 из 493
1 2 3 4 5 … 493