Соңғы бес жылда өңірде орман қорын қалпына келтіру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілді: 11 мың гектар аумақта 73,7 млн көшет отырғызылды.
Экологиялық науқанның нәтижелері мен табиғи байлықты сақтау жоспарлары туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық табиғи ресурстар басқармасы басшысының орынбасары Батыржан Әбілпейісов баяндады. Спикердің айтуынша, бесжылдық кезеңге жоспарланған барлық көрсеткіштер толық көлемде орындалған. Отырғызу кезінде негізгі басымдық жергілікті климатқа жақсы бейімделген қарағайға берілуде, сондай-ақ қайың, қарағаш және үйеңкі ағаштары да егіледі. Өңірді өз отырғызу материалымен… Читать далее »
