Архив рубрики: Новости
Я высоко ценю огромный вклад молодежи и добровольцев в развитие страны – Президент @ptrkkz
Білім ордаларында суды және қуат көзін үнемдеу, қоршаған ортаны қорғау ісін дәріптейтін бастамаларды қолға алу қажет – Президент @ptrkkz
Қасым-Жомарт Тоқаев:
«Тазалық – өркениетті қоғамның айнасы, дамуға ұмтылған кез келген елдің мызғымас ұстанымы. Ақ пейілмен, түзу ниетпен қолға алған әрбір іс берекелі болады» @ptrkkz
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» бастамасын дамыту аясында жануарларға қамқорлық мәдениетін қалыптастыруға тоқталды
– Үй жануарларының адамдардан қорлық көруіне жол бермеу керек. Үкімет үй жануарларын дұрыс күтіп-баптамағандарға берілетін әкімшілік жауапкершілікті қатаңдатып, ал оларға қатыгездік көрсеткендерге кесілетін қылмыстық жазаны күшейтуі керек. Негізі, қаңғыбас иттер проблемасына азаматтардың немқұрайлылығы себеп: яғни олар бастапқыда жануарларға ықыласы ауып асырағанымен, кейіннен көңілдері қалып, керексіз заттай көшеге тастап кетіп жатады. Мұндай келеңсіздіктердің алдын алу… Читать далее »
Президент Қазақстанда соңғы жылдары көп өзгеріс болғанын, бұл көзге көрініп тұрғанын атап өтті
– Қалаларымыз бен ауылдарымыз тазарып, топырақтың, судың, ауаның ластануы азая түсті. Ірі кәсіпорындарда зиянды шығарындыларды төмендету бағытында жұмыс атқарылып, үздік экологиялық тәжірибелер енгізілуде, қатты қалдықтарды қайта өңдеу ісінде алға ілгерілеу бар. Алайда кемшіліктер де аз емес, алда жұмыс көп. Ең бастысы, экономика ғана емес, азаматтарымыздың тұрмыс салты мен ой-санасы да өзгеруде. Жаңа Конституциямызда жасампаз… Читать далее »
Қасым-Жомарт Тоқаев осы мақсатта елімізде ауқымды жұмыс атқарылып жатқанын жеткізді
Былтыр республика бойынша 1200-ге жуық экологиялық іс-шара өтті, 1 миллион гектардан астам аумақ тазартылды, шамамен 4 миллионға жуық тал егілді. – Игі бастамаға 800 мыңға жуық волонтер қатысты. Қазір әлемде қоршаған ортаның ластануы, климаттың өзгеруіне байланысты көптеген сын-қатер пайда болды. Экологиялық қауіпсіздік ұлттық қауіпсіздік мәселесіне айналды. Халықаралық қауымдастық табиғатты қорғау мәселесіне баса мән беріп… Читать далее »
Акция барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлеп, екі жыл бұрын тағылымы мол, мән-мазмұны айрықша «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы басталғанын айтты
– Халқымыз ежелден «тазалық» ұғымына ерекше мән берген. Жұртымыз «таза» сөзін кең мағынада қолданады. Мысалы, арлы, ниеті түзу, адал адам туралы айтқан кезде «ары таза, ойы таза, жүрегі таза» адам деп сипаттаған. Бабаларымыз әрдайым табиғатпен етене байланыста өмір сүрген, қоршаған ортаны қорғау қастерлі міндет деп санаған. «Обал болады» деп, жас ұрпақты табиғатқа ешқандай зиян… Читать далее »
Глава государства считает, что особое внимание в формировании экологической культуры необходимо уделять системе образования, ведь понимание значимости чистоты закладывает именно воспитание
– Важно, чтобы дети со школьной скамьи научились беречь природу и ценить труд. Нужно активнее вовлекать школьников и студентов к участию в экологических кампаниях. Поручаю министерству просвещения разработать и принять проект «Жасыл сабақтар» («Зеленые уроки»). Именно в учебных заведениях следует прививать принципы разумного потребления природных ресурсов и защиты окружающей среды. Также необходимо всесторонне поддерживать… Читать далее »
Қасым-Жомарт Тоқаев экологиялық мәдениетті қалыптастыру ісінде білім жүйесіне баса мән беруді маңызды мәселе ретінде атады
– Тазалықтың тірегі – тәрбие. Балаларды экологиялық мәдениет пен еңбекке мектеп жасынан баулу қажет. Сондықтан экологиялық акцияларға оқушылар мен студенттердің белсене қатысқаны жөн. Осыған орай, Оқу-ағарту министрлігіне «Жасыл сабақтар» жобасын қабылдауды тапсырамын. Білім ордаларында суды және қуат көзін үнемдеу, қоршаған ортаны қорғау ісін дәріптейтін бастамаларды қолға алу қажет. Сондай-ақ оқушылар мен студенттердің экология мәселесіне… Читать далее »
