12.00-дегі жағдай: Референдумда 5,1 млн адам дауыс берді
Сағат 12.00-дегі жағдай бойынша елімізде 5 122 577 адам референдумда дауыс берді. Бұл туралы Орталық референдум комиссиясының мүшесі Шавхат Өтемісов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Орталық референдум комиссиясына облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық комиссияларынан ұсынылған деректерге сәйкес, сағат 12.00-дегі жағдай бойынша, тізімге енгізілген азаматтардың жалпы санының 43,70 пайызы дауыс беруге арналған бюллетеньдерді… Читать далее »
