Президенттің Нью-Йорк қаласындағы кешегі жұмыс кестесі жоғары деңгейдегі мазмұнды кездесулерге толы болды.
Жалпы, сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаевтың президенттермен, премьер-министрлермен, министрлермен, халықаралық ұйымдардың және компаниялардың жетекшілерімен 20-дан астам кездесуі өтті. Жүздесулерде қарастырылған мәселелер ауыл шаруашылығы, білім беру, спорт, инвестициядан бастап жасанды интеллектіге дейінгі көптеген бағытты қамтыды. Елімізге миллиардтаған доллар инвестиция тарту жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді. Қазақстан мен АҚШ-тың ірі компаниялары арасында 11 келісім мен меморандумға қол қойылды.… Читать далее »
