Нариман Құрбанов спорттық гимнастикадан Дохадағы Әлем кубогының кезеңінде қола жүлдеге ие болды!
Ол ат снарядындағы жаттығудың финалында сәтті өнер көрсетті. Париж-2024 Олимпиадасының күміс жүлдегері 14.566 ұпай жинап, Әлем кубогының қола жүлдегері атанды. Бұл сында жеңісті армениялық Гамлет Манукян жеңіп алды — 14.700 ұпай. Ал Қытай өкілі Яньмин Хун 14.666 ұпаймен екінші орынға табан тіреді. Зейнолла Ыдырысов 14.200 ұпай жинап, төртінші орынға тұрақтады. • Нариман Курбанов занял… Читать далее »
