Маңғыстауда АЭС құрылысын қолдау жөніндегі Халықтық штаб құрылды
Маңғыстауда елімізде атом электр станциясы құрылысын қолдау жөніндегі Халықтық штаб құрылды. Оның құрамында саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері және қоғам белсенділері бар. Штаб мүшелері бір айдың көлемінде жергілікті мекеме-кәсіпорындарға барып, еңбек ұжымдарымен кездеспек. Осындай басқосу «AMANAT» партиясының ұйымдастыруымен Ақтау теңіз-сауда портында өтті. Жиында энергетика саласының мамандары Қазақстанда атом энергиясын өндіруге қатысты көпшілікті толғандырған сауалдарға… Читать далее »
