Кандидат Мейрам Қажыкен сайлауда дауыс берді
АСТАНА. ҚазАқпарат – Президенттікке үміткер Мейрам Қажыкен дауыс берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Канидат өз таңдауын жасау үшін Астанадағы №66 мектеп-лицейде орналасқан №113 сайлау учаскесіне сағат 11.04-те келді. Ол дауыс беруге жұбайымен және қызымен бірге келді. Мейрам Қажыкеннің кандидатурасын «Аманат» Қазақстан кәсіподақтар достастығы» бірлестігі ұсынған болатын.
