Құрметті Ақкөл ауданының тұрғындары мен қонақтары!
2026 жылғы 20–24 шілде аралығында Ақмола облысының аумағында, оның ішінде Ақкөл ауданында «Бекет-2026» оқу-жаттығулары өткізіледі. Оқу-жаттығуға түрлі құрылымдардың (полиция, жедел жәрдем, құтқарушылар және т.б.) арнайы техникасы жұмылдырылатын болады. Осыған орай, тұрғындарды сабырлық сақтауға, оқу жаттығуларына түсіністікпен қарауға және шындыққа сәйкес келмейтін ақпаратты таратпауға шақырамыз.
