Аппараттық кеңес

Автор: | 19 июля, 2022

Бүгін аудан әкімдігінде Ақкөл ауданының әкімі Юрий Курушиннің төрағалығымен аппараттық кеңес өтті.
Аппараттық кеңесте бес негізгі мәселе бойынша дайындалған баяндамалар тыңдалды.
«Ақкөл ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы М. Ю. Ворсин, Ақкөл ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы А. М. Түменбаева, Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Қ. Қ. Әшімов, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Усанов М. Ю., аудандық аурухананың бас дәрігері Мақашев Д. М. баяндама жасады.
Кеңес барысында ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, мәдениет, спорт, білім беру және денсаулық сақтау нысандарындағы жылу беру маусымына дайындық және жөндеу жұмыстары мәселелері қаралды.
Кеңесті қорытындылай келе, аудан әкімі ағымдағы проблемалық мәселелерді сапалы шешу үшін ауылдық округтер әкімдері мен дербес бөлімдердің бірлескен қызметін жандандыру, қойылған барлық міндеттерді белгіленген мерзімде орындау және т.б. қажет екенін атап өтіп, қала әкіміне бірқатар тапсырмалар берді.