«Бірінші раундта құлатып, екінші раундта үйге қайту керек»

Автор: | 2 декабря, 2025

 

«1001 түн» бағдарламасында Жәнібек Әлімханұлының PR менеджері Берік Сұлтан сұхбат берді.

«Лара – тәжірибелі боксшы. Десе де Жәнібек бұған дейін чемпионмен жұдырықтасқан. Қазір қызу дайындық үстіндеміз. Бірінші раундта құлатып, екінші раундта үйге қайту керек деп отырмыз», — дейді Берік Сұлтан.

‼️Айта кетейік, бокс кеші 7 желтоқсан күні Астана уақытымен таңғы сағат 06:00-де басталады. Қазақстандықтар тарихи жекпе-жекті «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде тамашалай алады.