Аудан әкімінің орынбасары білім беру нысанын тексерді

Автор: | 22 июля, 2022

21 шілдеде Ақкөл ауданы әкімінің орынбасары Алмас Алин қазіргі уақытта күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатқан «Ақмола облысы Білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімінің Ақкөл қаласы Кеңес Одағының Батыры П.Исаков атындағы № 1 жалпы білім беретін мектеп» КММ-де болды.
Жұмыс сапары барысында әкім орынбасары қалалық мектеп ғимаратындағы күрделі жөндеу сапасын қарап шықты. Ағымдағы жылы мемлекеттік бағдарламалар аясында мектепке күрделі жөндеу жүргізілуде. Жұмыстар ағымдағы жылдың мамыр айында басталды. Мердігер болып «КазЕвроСтрой» ЖШС анықталды. Қазіргі уақытта кабинеттерді демонтаждау және жарықтандыруды монтаждау жүзеге асырылуда. Жобаны іске асыру мерзімі 2022 жылдың қыркүйек айы.
Келесі жылы қазандықты жөндеу және мектеп аумағын абаттандыру жоспарлануда.
Экскурсия барысында ғимаратты күрделі жөндеу жұмыстары сапалы жүргізіліп жатқаны, тозған фрагменттерді жетілдірілген және үнемді бөліктерге ауыстыру бойынша жұмыстар циклі орындалғаны, құрылыстың пайдалану мүмкіндіктері айтарлықтай жақсарғаны көрсетілді.
Тексеруді аяқтаған Алмас Алин аталған жұмыстардың орындалу сапасы ерекше бақылауда екенін атап өтті.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі