Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау прокуратура органдарының ерекше бақылауында тұр.
Ақкөл ауданының прокуратурасы жүргізген ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер болып табылатын ауданның кәсіпкерлерінің ауыл шаруашылығы өнімдерінің сынамаларын ветеринариялық инспектордың іріктеу бойынша жұмыс жағдайына талдау кәсіпкерлердің және ветеринариялық инспектордың өздерінің құқықтарын қозғайтын маңызды заң бұзушылықтарды анықтады.
Бұзушылықтар бюджеттен қарастырылған қаражаттың өтелуінсіз жануарлардан алынатын өнімдердің сынамаларын іріктеуде, сондай-ақ ветеринарлық инспекторлардың өз қаражатына сынамаларды сатып алуда көрінді.
Ақкөл ауданы прокуратурасының қадағалау актісі бойынша аудан кәсіпкерлерінен заңсыз сынама алу фактісі тоқтатылды, алдағы уақытта осындай бұзушылықтарға жол бермеу бойынша шаралар қабылданды. Кәсіпкерлерге сынама алғаны үшін қаражаттар өтелінеді.
Жол берілген бұзушылықтар үшін кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды, жануарлардан алынатын өнімдерді өткізетін 14 кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары қорғалды.
Ақкөл ауданының прокуратурасы
