Құжатта ұлттық құндылықтар, тарихи сабақтастық және мемлекеттіліктің негіздері нақты айқындалып, қоғамның рухани бірлігін нығайтуға ықпал етеді. Бұл тек өткенге жасалған шегініс емес, ұлттық бірегейлікті сақтауға бағытталған саналы таңдау.
Отбасы институтының конституциялық деңгейде қорғалуы айрықша маңызға ие. Некенің ер мен әйелдің ерікті әрі тең құқықты одағы ретінде нақты белгіленуі қоғамның дәстүрлі құндылықтары мен моральдық ұстанымдарына толық сәйкес келеді. Отбасы тәрбие берудің, жауапкершіліктің және азаматтық сананы қалыптастырудың негізі ретінде айқындалған.
Сонымен қатар табиғатты сақтау жауапкершілігінің азаматтық борыш ретінде бекітілуі ұрпақаралық әділет қағидаты мен ұзақ мерзімді дамуға бағытталған ұстанымды көрсетеді. Зайырлы мемлекет қағидасының нақты белгіленуі қоғамдық тұрақтылықтың, өзара құрмет пен теңдіктің кепілі болып табылады.
Негізгі әрі шешуші тұжырым – халықтың мемлекеттік билік пен егемендіктің жалғыз көзі ретінде танылуы. Бұл мемлекеттің адам үшін, отбасы үшін және елдің болашағы үшін қызмет етуі тиіс екенін айқындайды. Жаңартылған Конституция әділетті, орнықты және адамға бағдарланған мемлекеттің берік құқықтық негізін қалыптастырады.
Құланова Дания
аудандық мәдениет үйінің әдіскері
