Жаңа Қазақстан Республикасының Конституциясы заңдылық, әділеттілік және қоғамдық тәртіп қағидаттарын бекіте отырып, елдің орнықты әрі үйлесімді дамуына жаңа мүмкіндіктер ашады.

Автор: | 6 февраля, 2026

Құжат мемлекеттің әділетті, тиімді және адамға бағытталған қоғамдық құрылым моделін қалыптастыруға ұмтылысын айқын көрсетеді. Конституция жобасында экологиялық мәдениетті дамытуға, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға және тарихи-мәдени мұраны сақтауға бағытталған нормалардың бекітілуі жоғары бағалауға лайық. Бұл қағидаттар азаматтардың, әсіресе жастардың, ел болашағына деген жауапкершілік сезімін қалыптастырып, қоғамдық диалогқа, жасампаз қызметке және патриоттық бастамаларға белсенді қатысуына ықпал етеді.

Жалпы алғанда, жаңа Конституция жобасы әділетті, орнықты және болашаққа бағдарланған мемлекет қалыптастыруға бағытталған жүйелі курсты көрсетеді. Ол азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді араласуына, адами әлеуетті толық ашуға және елдің ортақ дамуына деген жауапкершілікті нығайтуға қажетті жағдай жасайды.

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы қоғамдық бірлестігінің Ақкөл ауданы бойынша филиалы төрайымы
Ахтышхан Ханша