Кездесу барысында дәстүрлі құндылықтардың маңызы, отбасы мен аға буынның жастарды тәрбиелеудегі рөлі, сондай-ақ құқықтық мәдениетті қалыптастыру және Конституцияға елдің Негізгі Заңы ретінде құрметпен қараудың өзектілігі талқыланды.
Қатысушылар ұрпақтар арасындағы сабақтастық мәселелеріне, ұлттық дәстүрлерді сақтауға және оларды заманауи конституциялық қағидаттармен үйлесімді ұштастыруға ерекше назар аударды.
