Ақкөл қаласындағы балалар үйі
10.30
«Наурызнама» онкүндігін мерекелеу аясында Ақмола облысының Цифрландыру және архивтер басқармасы Ақмола облысының Мәдениет басқармасымен бірлесіп Ақкөл қаласындағы балалар үйінде қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.
Ағымдағы жылы Мемлекет басшысы жариялаған Цифрландыру жылы аясында Наурыз мейрамын мерекелеу жаңа цифрлық форматта өтеді.
Қайырымдылық акциясы аясында тәрбиеленушілерге мәдени-білім беру бағдарламасы ұсынылады.
Концерттік бағдарламада халықаралық байқаулардың лауреаттары — «Көкшетау» халық ансамблінің орындауындағы «Шашу» халық биі (жетекшісі — «Мәдениет қайраткері» Мадина Тлеулина), ансамбль солистері Мырзағали Ажар мен Сағынбаева Жансұлудың орындауындағы «Айжан қыз» биі, сондай-ақ республикалық байқаулардың лауреаттары Нұрқанат Жахан мен Байдаулет Төлепбергеннің вокалдық нөмірлері ұсынылады.
Бағдарламаның білім беру бөлімінде тәрбиеленушілерге заманауи технологиялар таныстырылады:
* VR-жабдықтармен танысу;
* виртуалды шынайылық (VR) технологияларын қолдануды үйрену;
* балаларды интерактивті 3D-кеңістікке енгізу.
Іс-шара соңында тәрбиеленушілерге қайырымдылық көмек көрсетіліп, жиналған заттар, кітаптар мен сыйлықтар табысталады.
