Қазақстанда жаңа Конституция қабылданып, ел дамуының жаңа кезеңі басталды.

Автор: | 18 марта, 2026

Бұл құжат тек заңнамалық өзгерістер жиынтығы емес, мемлекеттің саяси және институционалдық жүйесін түбегейлі жаңғыртуға бағытталған тарихи қадам болды.

Алдағы парламенттік сайлаумен қатар заң шығару процесінің синхронды жүргізілуі – мемлекеттің реформаларды жүйелі әрі дәйекті түрде жүзеге асырып жатқанын көрсетеді. Құқықтық базаны жаңа саяси кезең басталғанға дейін толық қалыптастыру – бүкіл реформаның легитимдігі мен қоғам сенімінің негізгі кепілі.

Жаңғыру кезеңі асығыстыққа да, созбалаңға да жол бермейтін теңгерімді қарқынмен жүзеге асуда. Бұл – өзгерістердің сапалы әрі орнықты болуына бағытталған жауапты ұстаным. Қазіргі реформалар тек сыртқы өзгерістермен шектелмей, мемлекеттік басқару жүйесінің архитектурасын жаңартылған Конституция құндылықтарына сай қайта құруды көздейді.