Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев америкалық The National Interest журналында жарияланған мақаласында жаңа Конституцияның қабылдануы Қазақстан үшін тарихи маңызы бар қадам болғанын атап өтті.

Автор: | 1 апреля, 2026

Президенттің айтуынша, Ата заң үлкен жауапкершілікпен дайындалып, әрбір нормасы жан-жақты сарапталып, қоғамдық талқылаудан өтті. Бұл – елімізде әділетті қоғам құруға, заң үстемдігін нығайтуға және азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған маңызды шешім. Шын мәнінде, Конституция – мемлекеттің ғана емес, бүкіл қоғамның болашағын айқындайтын негізгі құжат. Сондықтан бұл реформаларды ел дамуының жаңа кезеңінің бастауы деп айтуға толық негіз бар.