Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз мақаласында реформалардың басты мақсаты – мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді нығайту екенін айтты.

Автор: | 1 апреля, 2026

Осы бағытта Конституциялық сот құрылды, адам құқықтарын қорғау жүйесі күшейтілді, саяси партияларды тіркеу рәсімі жеңілдетілді. Яғни, елімізде демократиялық институттарды дамытуға ерекше мән беріліп отыр. Бұл реформалар халықтың мемлекет басқаруына қатысу мүмкіндігін арттырып, ашық әрі әділ қоғам қалыптастыруға ықпал етеді.