15 сәуір күні Көкшетау ірі аграрлық оқиғаның алаңына айналады

Автор: | 2 апреля, 2026

 

Мәдениет сарайында өңірдің шамамен 600-ге жуық фермері жиналып, 2026 жылғы көктемгі дала жұмыстарына дайындыққа арналған облыстық агрокеңеске қатысады.

Сол күні Мәдениет сарайының алдында «AgroKokshetau-2026» мамандандырылған көрмесі өтеді. Онда заманауи ауыл шаруашылығы техникалары, құрал-жабдықтар мен өсімдіктерді қорғау құралдары таныстырылады.

Бұл – аграршылар үшін тәжірибе алмасып, өзекті мәселелерді талқылап, саладағы жаңа шешімдермен танысуға тамаша мүмкіндік.

Өтетін орны: «Көкшетау» МС, Ақан Сері көшесі, 90
Күні: 15 сәуір