Тыйым салынады:
•Ормандарда, өрт шыққан жерлерде, торфяник алаңдарында, зақымдалған орман учаскелерінде, кесілген ағаш орындарында және құрғақ шөп өскен жерлерде от жағу.
•Жанып тұрған сіріңке, темекі тұқылдарын және ыстық күлді тастау, сондай-ақ шыны заттар мен олардың сынықтарын қалдыру, өйткені олар линза сияқты күн сәулесін шоғырландырып, өрт шығуына себеп болуы мүмкін.
•Шыны бөтелкелер мен олардың сынықтарын қалдыру. Күн сәулесінде олар линза қызметін атқарып, өрт тұтандыруы мүмкін.
•Өрт қаупі жоғары кезеңде қоқыс пен құрғақ шөпті өртеу.
Ұсынылады:
•Тұрғын және шаруашылық құрылыстарының айналасын құрғақ шөптен, қоқыстан және басқа жанғыш материалдардан тазарту.
•Вахталық нысандар мен басқа да өндірістік аумақтардың айналасында ені кемінде 4 метр болатын минералдандырылған өртке қарсы жолақтар жасау.
•Өрт сөндіру құралдарын (өрт сөндіргіштер, күрек, су немесе құм толтырылған шелек) дайындап қою.
•Отбасы мүшелері мен көршілерге өрт қауіпсіздігі шаралары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Өртті байқасаңыз:
•Өрт шыққан жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалыңыз.
•Егер мүмкіндік болса, шағын өртті сөндіруге тырысыңыз, бірақ өз өміріңізді қатерге тікпеңіз.
•Өрт аймағынан қауіпсіз жерге көшіңіз, сабыр сақтап, үрейге берілмеңіз.
Осы сақтық шараларын сақтау өрттің алдын алуға және сіздің өміріңіз бен мүлкіңіздің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектеседі.
