Баспаналар Алматы және Астана қалаларында өтеусіз негізде берілді.
Бүгінде Алматы қаласында пәтер алған жас ғалымдар толық жиһаздалған баспаналарына қоныстанып үлгерді. Қоныс иелері жасалған жағдайлардың ғылыми және кәсіби қызметке толықтай көңіл бөлуге мүмкіндік беретінін атап өтуде. Қоныстану күні олар көрсетілген қолдау үшін шынайы ризашылықтарын білдіріп, өз әсерлерімен бөлісуде.
