Ақкөл ауданы «Таза Қазақстан» жобасына қосылды!

Автор: | 25 апреля, 2026

 

Бүгін Ақкөл ауданында ағаш көшеттерін отырғызу бойынша ауқымды экологиялық акция өтуде.

Көгалдандыруға Ақкөл ауданы әкімдігінің қызметкерлері, мемлекеттік мекемелердің, білім беру ұйымдарының қызметкерлері, жастар бірлестіктерінің өкілдері және қамқор тұрғындар қатысуда.

Акция «Таза Қазақстан» республикалық жобасы шеңберінде өткізіледі. Негізгі бағыттары:
-Аудандағы экологиялық ахуалды жақсарту
-Табиғатқа ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру
-Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру
-Өскелең ұрпақтың экологиялық жауапкершілігін тәрбиелеу.

Ақкөл ауданының тұрғындарын отырғызылған ағаштарды сақтап, аула мен көшеде тазалықты сақтауға шақырамыз!