7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мерекесі қарсаңында Өңірлік коммуникациялар қызметі барша ер-азаматтарды осы маңызды күнмен шын жүректен құттықтайды!

 

Бұл мереке – ерлік пен батылдықтың, жауапкершілік пен өз ісіне адалдықтың символы. Сіздер – отбасының, қоғам мен елдің тірегі, күн сайын еңбек етіп, қорғап, ел дамуына үлес қосып жүрген жандарсыздар.

Сіздерге зор денсаулық, ертеңгі күнге сенім, бақ-береке және жаңа жетістіктер тілейміз. Әр шаңырақта бейбітшілік, тұрақтылық пен өзара құрмет орнасын!

Мерекелеріңіз құтты болсын!