«Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру шеңберінде 2026 жылғы 4 маусымда Көкшетау қаласындағы «Бижан ет өңдеу кешені» ЖШС қызметкерлерімен кездесу өтті.

Автор: | 9 июня, 2026

 

Іс-шара барысында Ақмола облысы полиция департаментінің өкілі Назарова Бекзат интернет-алаяқтық, кибер алаяқтарға қалай қарсы тұру керектігі, дроп туралы ақпарат берді. Іс-шара барысында «Арна» колледжінің кибереріктілері интернет-алаяқтық жөнінде брошюралар таратты. «БИЖАН» қызметкерлерінің жұмыс чатына профилактикалық роликтер жіберіліп, «EGov-mobile»-да қарыз алу, шағын қарыз алу және несиелерден бас тарту қызметін пайдалану қажеттілігі туралы ұсынымдар берілді.
#заңментәртіп