Есірткі қылмысына қарсы күрес – қазіргі қоғамның ең маңызды міндеттерінің бірі.

Автор: | 9 июня, 2026

Бүгінде мемлекет тарапынан есірткінің заңсыз айналымының жолын кесуге бағытталған кешенді шаралар қабылданып, заңнама жетілдірілуде және құқық қорғау органдарының жұмысы күшейтілуде. Әсіресе жастарды есірткі ортасына тартудан қорғауға ерекше көңіл бөлінуде.

Алдын алу жұмыстарының маңызы зор. Ақмола облысында жасөспірімдер мен жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға, өз болашағына жауапкершілікпен қарауға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Жастардың білім алуға, спортпен айналысуға және өзін-өзі дамытуға мүмкіндіктері болуы маңызды.

Есірткі қылмысына қарсы күрес мемлекет, қоғам, отбасы және білім беру ұйымдарының күш-жігерін біріктірген жағдайда ғана тиімді болады. Бірлескен жұмыс өскелең ұрпақ үшін қауіпсіз орта қалыптастыруға және жалпы қоғамның әл-ауқатын арттыруға мүмкіндік береді.

Өмірбаев Бауыржан Досанұлы
Ақкөл аудандық мәслихатының депутаты