Есірткінің заңсыз айналымы азаматтардың денсаулығына қауіп төндіріп, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына кері әсер етеді.
Жастарды интернет-платформалар мен мессенджерлер арқылы есірткі таратуға тарту ерекше қауіп тудырады. Сондықтан мемлекет цифрлық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және онлайн тарату арналарының жолын кесуге айрықша көңіл бөлуде.
Қауіп-қатерлерді азайту үшін спортты, шығармашылықты және волонтерлікті дамытуға бағытталған жастар бастамаларын қолдап, профилактикалық бағдарламаларды кеңейту қажет.
Ақкөл аудандық мәслихатының депутаты
Шарипова Сәлима Халелқызы
