Жаңа Конституцияның күшіне енуі – еліміз үшін шын мәнінде тарихи әрі дәуірлік маңызы бар оқиға.

Автор: | 1 июля, 2026

Бұл Қазақстан дамуының жаңа кезеңін бастап, мемлекетіміздің одан әрі нығаюына жол ашады. Егемендік жылдарында еліміз қалыптасу мен даму жолынан сүрінбей өтіп, мемлекеттік институттарын нығайтты, қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз етті және әлеуметтік-экономикалық дамуда елеулі жетістіктерге қол жеткізді. Бүгін мемлекетіміздің одан әрі нығаюына, заң үстемдігін орнықтыруға, қоғамдық келісімді күшейтуге және әрбір азаматтың ел болашағына деген жауапкершілігін арттыруға негізделген жаңа кезең басталып отыр.
Президент Қазақстан халқының саналы әрі тағдырлы таңдау жасағанын ерекше атап өтті. Бұл шешім қоғамымыздың кемелдігін, азаматтардың жоғары жауапкершілігін және әділетті, қуатты әрі өркендеген мемлекетте өмір сүруге деген ұмтылысын айқын көрсетеді. Жаңа Конституция еліміздің одан әрі дамуға, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сондай-ақ ашықтық, заңдылық және әділдік қағидаттарын нығайтуға дайын екенін білдіреді.
Қай кезеңде де халқымыздың бірлігі, өзара сыйластығы, қоғам алдындағы жауапкершілігі және туған жерге деген сүйіспеншілігі кез келген қиындықты еңсеруге мүмкіндік берді. Бүгінде бұл құндылықтардың маңызы бұрынғыдан да арта түсуде. Өйткені дәл осы қағидаттар мемлекетіміздің тұрақты дамуының және жас ұрпақты отансүйгіштік пен жауапкершілік рухында тәрбиелеудің берік негізіне айналады.
Жаңа Конституция адам құқықтарын сенімді қорғауды қамтамасыз етуге, экономиканың тұрақты өсуіне қолайлы жағдай жасауға, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға және азаматтық қоғамның одан әрі дамуына ықпал етуге бағытталған. Сонымен қатар ол игі бастамаларды жүзеге асыруға, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға және қоғамдық келісімді одан әрі нығайтуға жаңа мүмкіндіктер ашады.
Барша қазақстандықтарды Жаңа Конституцияның күшіне енуімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл айтулы оқиға еліміздің одан әрі дамуының, бейбітшілік пен тұрақтылықтың, қоғамдық келісім мен өркендеудің берік негізіне айналсын. Әр шаңыраққа амандық, бақ-береке, елімізге өсіп-өркендеу мен жаңа жетістіктер тілеймін!
Аудандық мәслихаттың төрағасы
Абаханов Сағандық Шәкірұлы