Адамның цифрлық ізі: желіге әрбір кірген сайын не қалады

Автор: | 15 сентября, 2026

 

Көптеген адамдар күнін таңғы астан емес, смартфоннан бастайды. Келген хабарларды, пошта мен әлеуметтік желілерді тексеру, картадағы балансты қарау, сатып алған заты үшін төлем жасау, такси шақыру. Әрі қарай оған жұмыс құжаттары, онлайн-сервистер, маркетплейстер, банк қосымшалары, ал кешке фильмдер, ойындар мен мессенджердегі әңгіме қосылады.

Біздің күнделікті өміріміздің елеулі бөлі онлайнға ауысты. Жайлылықпен бірге ол жерге ақша, құжаттар, фотосуреттер, хат-хабарлар, жұмыс барысындағы ақпарат пен көптеген басқа да деректер ауысты.

Сондықтан бірақ уақыттан бері киберқауіпсіздік тек қана ІТ-мамандардың міндеті емес. Бүгінде ол әрқайсымыздың күнделікті әдеттерімізден басталады.

Қандай цифрлық әдеттерді қайта қарау керектігін және қауіпсіздікті күнделікті өміріміздің бір бөлігіне айналдыру үшін не істеу керектігін Fingramota.kz-пен бірге қарастырайық.

Барлығына бір құпиясөз  – ыңғайлы, бірақ қауіпті

Пошта, әлеуметтік желілер, маркетплейстер, мемлекеттік қызметтер — аккаунттар бүгінде көбейіп келеді. Сондықтан бәрімізге таныс жағдай: бір ыңғайлы құпиясөз бірден бірнеше жерде, кейде жылдар бойы қолданылады.

Егер сервистердің бірінің деректері бөтен адамның қолына түссе, қиындық туындайды. Логин мен құпиясөзді алғаннан кейін қаскүнемдер басқа аккаунттарға кіру үшін осы комбинацияны қолдана алады.

Маңызды сервистер үшін әртүрлі күрделі құпиясөздерді, ал мүмкін болатын жерде екі факторлы аутентификацияны қолданыңыз.

Электрондық поштаны қорғауға ерекше назар аударған жөн. Жиі жағдайда дәл сол арқылы басқа сервистерге қолжетімділік қалпына келтіріледі. Пошта жәшігін бақылауға алғаннан кейін қаскүнем онымен байланысты аккаунттарға да қол жеткізуге тырысуы мүмкін.

«Сізге сәлемдеме келді». Ал сіз шынымен соны күтіп отыр ма едіңіз?

Кибершабуыл әрдайым құрылғыны бұзудан бастала бермейді. Кейде қажетті деректерді ұсынуға адамды көндірген әлдеқайда оңай болады.

«Сіздің сәлемдемеңіз кешіктірілді». «Сіздің атыңызға кредит ресімделді». «Менің балама дауыс беріңізші». «Басшы шұғыл түрде құжатты ашуды сұрап жатыр». «Сатып алушы тауар үшін төлем жасап қойды  — ақшаны сілтеме арқылы алыңыз». Сценарийлер үнемі өзгеріп отырады, бірақ мақсат өзгеріссіз қалады: адамды сілтеме арқылы өтуге, файлды ашуға, бағдарламаны орнатуға, деректерді енгізуге немесе растау кодын хабарлауға көндіру.

Сондықтан мынадай қарапайым әдетті қалыптастыру пайдалы: алдымен тексеріп, содан кейін әрекет ету керек.

Егер хабар банктен келген хабар ретінде көрсетілсе, банк  қосымшасын өз бетіңізше ашып көріңіз немесе ресми нөмір арқылы қоңырау соғыңыз. Жеткізу қызметі жазып жатқан жағдайда тапсырысты оның ресми сервисі арқылы тексеріңіз. Танысыңыз ақша сұрап жазса, оған өзіңіз хабарласыңыз.

Цифрлық ортада тексеруге бірнеше секунд уақыт бөлу кейде біз ойлағаннан да маңызды.

Әлеуметтік желілер біз туралы көрінгеннен әлдеқайда көбірек біледі

Біз күн сайын цифрлық із қалдырамыз және көбінесе өзіміз туралы ақпараттың көп бөлігін өзіміз ұсынамыз. Туған күні, жұмыс орны, демалыстан фотосуреттер, геолокация, баланың мектебі, көлік құралы, айналасы – жеке-жеке бұл ақпарат мүлдем зиянсыз болып көрінуі мүмкін.

Бірақ олар бірігіп, адам туралы жеткілікті егжей-тегжейлі түсінік бере алады. Мұны алаяқтар қоңырау немесе хабарламаны барынша сенімді ету үшін пайдалана алады.

Кейде профильді ашып, оны бейтаныс адамның көзімен қарау пайдалы: ол сіз туралы, сіздің отбасыңыз, жұмысыңыз, әдеттеріңіз және қазіргі орналасқан жеріңіз туралы не біле алады?

Бұл әлеуметтік желілерден бас тарту керек дегенді білдірмейді. Сіз қандай ақпаратпен, кіммен және қай уақытта бөлісетініңізді саналы түрде таңдау жеткілікті.

«Кіруге рұқсат беру керек пе?»: автоматты түрде баспаңыз