Құрметті Ақкөл ауданының тұрғындары!
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 «Әкімдердің халықпен кездесуін өткізу туралы» Жарлығын орындау үшін 2022 жылғы 2-11 қазан аралығында Ақкөл ауданында аудан, қала, ауыл және ауылдық округ әкімдерінің тұрғындармен кездесулері өткізіледі.
Бұдан басқа, аудан, қала, ауыл және ауылдық округ әкімдері тұрғындармен кездесу өткізгеннен кейін азаматтарды жеке қабылдауды ұйымдастырады.
Өткізілетін орны мен уақыты туралы сіз бұқаралық ақпарат құралдары немесе әлеуметтік желілер арқылы алдын ала хабардар боласыз.
Ақкөл ауданы әкімінің аппараты
