Кандидат Мейрам Қажыкен сайлауда дауыс берді

Автор: | 20 ноября, 2022

АСТАНА. ҚазАқпарат – Президенттікке үміткер Мейрам Қажыкен дауыс берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Канидат өз таңдауын жасау үшін Астанадағы №66 мектеп-лицейде орналасқан №113 сайлау учаскесіне сағат 11.04-те келді.

Ол дауыс беруге жұбайымен және қызымен бірге келді.

Мейрам Қажыкеннің кандидатурасын «Аманат» Қазақстан кәсіподақтар достастығы» бірлестігі ұсынған болатын.