Ақкөл ауданының әкімі Новорыбин ауылында жаңа хоккей кортын ашты

Автор: | 9 января, 2023

Хоккейшілер мен конькимен сырғанау әуесқойлары үшін жаңа хоккей корты салынды.
Салтанатты ашылу рәсіміне аудан әкімі Юрий Курушин, аудандық мәслихат хатшысы Жұлдызай Салыбекова, ауылдық округ әкімдері және басқа да ауыл тұрғындары қатысты.
​- Бүгін біздің аудан аумағында үлкен мереке — біз тағы бір кәсіби ашық хоккей кортын ашамыз. Мемлекет басшысы әрбір тұрғын үшін спорттық инфрақұрылым қолжетімді болуы үшін бұқаралық спортты дамытуға зор көңіл бөледі. Бұл корт тек тегін негізде хоккей ойнауға арналған, ауылдың әрбір тұрғыны коньки тебуге және ойнауға келе алады», — деп атап өтті өңір басшысы.
Жаңа кортта сол күні Новорыбин, Урюпин ауылдары хоккейшілерінің, сондай-ақ спорт ардагерлерінің жолдастық кездесулері өтті. Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды Новорыбин ауылдық округінің жергілікті хоккейшілері, екінші орынды Урюпинка ауылының командасы және үшінші спорт ардагерлері иеленді.