Орман – табиғаттың берген қымбат сыйы. Адам өміріндегі оның маңызы орасан зор. Орман – «ғаламшардың тынысы». Орамн – азық-түлік пен шикізаттың көзі. Орман – бұл дәріхана әрі денсаулықтың қоймасы. Адам тіршілігіндегі оның маңызын асыра бағалау мүмкін емес.
Мәселе осы баға жетпес табиғат сыйын болашақ ұрпаққа қалай сақтап қалатынымызда? Өйткені біз, осы мәслеге өте немқұрайлы қараймыз. Ағаш кесуге болмайтын жерде кесіледі, демалуға келгендер жас ағаштардың бұтақтарын қалай болса солай сындырып, демалыс орындарын көң қоқыс төгетін орынға айналдырады.
Қысқы демалыс күндері орманда демалудың қарапайым ережелерін ұмытпаңыздар! Айналадағы тіршілік иелерін қорғаңыздар, оларға қамқор болыңыздар. Өйткені, олардың барлығы орман үшін маңызды және пайдалы, ендеше олардың біз үшін де пайдасы зор. Орман ережелерінің бұзылуын көрсеңіздер, қарап қалмаңыздар, тоқтату керектігін естеріңізден шығармаңыздар!
