КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫН ЗАҢДАСТЫРУ

Автор: | 9 января, 2023

Мемлекет басшысының 2022  жылғы 1 қыркүйектегі  Қазақстан халқына  жолдауында  Қазақстан Республикасына ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген және Қазақстан Республикасының заңнамасына  сәйкес мемлекеттік  тіркеуден өтпеген шетелдік автомобильдерді  заңдастыруды  жүргізу міндеті қойылған болатын.

Аталған тапсырманы  іске асыру мақсатында, заңдастыруға жататын автомобильдерді бастапқы тіркегені үшін 200  мың теңге  мөлшерінде  алым  төлеуді көздейтін «Салық және бюджетке  төленетін басқа  да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне  түзетулер әрленді және қазіргі  уақытта  Парламент қабылдады.

Қазақстан Республикасына  2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген  автокөліктерді заңдастыру 2023 жылғы  1 қаңтардан 1 шілдеге  дейін  жүргізілетін болады.

Автокөлікті шығарылған жылы мен  экологиялық дәрежесі бойынша, оның ішінде оң рульді  автокөліктер  шектеусіз заңдастыруға болады, сонымен көлік құралын заңдастыру үшін оны  тіркелген мемлекетте  тіркеу есебінен шығару қажет. Бұдан басқа, шетел мемлекетінде қылмыстық іздеуде жүрген және  қамауға алынған  автокөліктер  тіркеуге қойылмайды.

Өтініштер  Мамандандырылған  ХҚКО арқылы немесе  «Электронды үкімет»  порталы арқылы  қабылданады және ол берілген күннен  бастап 2 жұмыс күні ішінде қаралады. Қарау нәтижелерін  иелеріне 1414 нөмірінен SMS  арқылы жеткізілетін болады.

Автокөлік  иелері заңдастыру  үшін келесі  құжаттарды ұсынулары қажет:

-нысан бойынша өтініш;

-өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат;

—  көлік құралының паспорты  және /немесе  көлік құралын  тіркеу туралы куәлік;

-көлік құралына меншік құқығын растайтын  құжат ( сатып алу-сату шарты).

Мамандандырылған  ХҚКО мамандармен (криминалистермен)  көлік құралының  нөмірлік агрегаттарын салыстырып тексеру  жүзеге асырылады, ал тексеру нәтижелері  автокөліктің  фотосуреттерімен  бірге дерекқорға  енгізілетін болады.

Қосымша:

Қырғызстаннан әкелінген автокөлікті заңдастыру үшін:

Қазақстанға 2022жылғы  1 қыркүйекке дейін әкелінген, Қырғызстан Республикасының заңнамасына сәйкес  кедендік баждарды, салықтарды төлей отырып, кедендік  ресімдеуден өткен  автомобильдерді бастапқы  тіркеу оларды  иеліктен шығаруға шектеу  алынып  тасталады. Қырғыз автомобильдерінің  кедендік  айырмашылығы төленген  жағдайды  оларды  бастапқы  тіркеу  иеліктен  шығаруға  шектеу алынып  тасталады.  Қырғыз автомобильдерінің  кедендік  айырмашылығы  төленген жағдайда   оларды бастапқы  тіркеу иеліктен  шығару құқығын шектемей жүзеге  асырылады.

Армениядан әкелінген автокөлікті  заңдастыру үшін:

Армян есебіндегі  автокөліктерді  тіркеу  оларды қайта  сату құқығын  шектемей  тіркей аласыз, себебі  2023 жылдың 1 қаңтарынан  кейін олар ЕЭҚ  тауарлары деп танылады, оның ішінде бұл  А әрпі бар  сары нөмірлерде тұрған автомобильдерге де қатысты болады.

 

Барлық туындаған мәселелер  бойынша                         8-778-672-25-05

Ақмола облысы  ПД Call орталығына                                 8-716-2-29-98-13

келесі нөмірлер  бойынша  қоңырау                                  8716-2-29-98-48

шала аласыздар