Заман дамыған сайын адамдардың , жалпы қоғамның көзқарасы, қарым –қатынас этикасы өзгерді. Ащы да болса, бұл шындық. Себебі, заманға сай адам психологиясы да сан құбылып отырады. Бұрын отбасы құндылығын алғашқы орынға қоятын халық едік. Енді , міне, менталитет өзерді. Бұл бізге қажет пе, жоқ па – өзіңіз бағамдай беріңіз. Ресми дерек бойынша өршіп тұрған дауладың көпшілігі неке бұзу мен алимент өндіруге қатысты. Біз көбінесе сотқа арыз арқалап келген жас жұбайларды райынан қайтаруға тырысамыз. Мақсат – отбасын сақтап қалу. Егер, алған бетінен қайтпаса, әрине арызы тіркеледі, заң аясында некесі бұзылады.
Қазіргі басты мәселе — ажырасу факторын болғызбау. Өйткені, некенің бұзылуы – отбасының ойрандалуы, балалардың әкесіз не анасыз қалуы. Ажырасқан еркетердің әйелдерге қарағанда қайта неке тұру мүмкіндігі жоғары болғанымен , көбінесе жалғыз қалып қояды. Сонымен қатар, балалы әйелдерге де тез арада тұрмысқа шығу оңай емес. Өйткені, ол өзіне жар ғана емес, баласына әке іздейді. Өмірде түрлі жағдай орын алатындықтан, ажырасуды мүлде болғызбау мүмкін емес, әрине.
Қорыта айтқанда, жастар ұсақ-түйек қиындыққа төзе алмай, екіге бөлінеді. Ерлі зайыптылардың ажырасуының зардабын ең алдымен ортадағы бала тартады. Бала тәрбиесінде әкенің де , шешенің де орны бөлек. Ажырасу әрбір шаңырақ үшін қасірет. Сондықтан, ажырасуға асықпайық.
Ақкөл аудандық сотының
жетекші маманы
М. Омарова
