Бүгінгі брифингте Ақмола облысы білім басқармасының басшысы Шоқан Оразалин осы мәселеге тоқталып өтті.
“Студенттік жатақханаларда орын тапшылығын шешу үшін облыс орталығында 4 студенттік жатақхананың құрылысы жүргізілуде. Жатақханаларда осы орындарды енгізу кезең-кезеңмен іске асады. 2023 жылы — 600 орын, 2024 жылы 600 орын қолданысқа беріледі», — деді басқарма басшысы.
Шоқан Оразалиннің айтуынша, биыл және келер жылы Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі, Жоғары техникалық колледж, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің студенттері жаңа жатақханаға қоныстанбақ.
