Электрондық байланыс құралдарының пайда болуымен пошта қызметтері өзектілігін жоғалтады деген скептик болжамдар күн сайын жоққа шығарылуда. Бүгінде пошта бөлімшесі өз тұтынушыларына бұрынғыдан да жақын болуға ұмтылады. Қайта жаңғыртудан өткен пошта бөлімшелері, ыңғайлы жұмыс уақыты, бүкіл әлеммен байланысу мүмкіндігін ұсынатын кең спектрлі қызметтер адам мен бизнесті байланыстырып, интеграцияға ықпал етеді. Сонымен қатар, қазіргі заманғы пошта логистика секторында, банк қызметтерінде белсенді жұмыс істеп, ақпараттық технологияларды қарқынды дамытуда. «Қазпошта» АҚ Ақкөл аудандық пошта байланыс бөлімшесінің директоры Копеев Рашитпен компанияның өз клиенттеріне қандай қызмет түрін көрсететінін білу үшін сұхбаттасқан едік.
Көпеев Рашиттің жоғары заңгерлік білімі бар, ҚарМУ заң факультетінің түлегі. Рашит Ерсінұлының 15 жылдық еңбек өтілінің 5 жылы «Қазпочта» АҚ жүйесіндегі еңбек қызметінде өтті: Шортанды АПББ бастығы, «Астана почтамты» филиалының инкассация бөлімінің бастығы, Астана қаласы бойынша арнайы коммуникациялар қызметінің басшысы болып тәжірибе жинақтаған ол 2023 жылдың қараша айынан бастап «Ақкөл» АПББ басқаруда.
– Рашит Ерсінұлы, ағымдағы жылды қандай көрсеткіштермен аяқтап жатырсыз?
-Ақкөл АПББ кіріс жоспарын орындау бойынша Ақмола филиалының АПББ арасында алдыңғы қатарда. 2023 жылдың 10 айындағы жұмыс қорытындысы бойынша Ақкөл АПББ кіріс жоспарын 103,6%-ға орындады, жоспардағы 57,4 млн.теңгеге 59,5 млн.теңге кіріс алынды, оның ішінде пошта қызметінен түскен кіріс 7,9 млн.теңге, қаржылық қызмет көрсету бойынша – 29,3 млн. млн теңге, агенттік кіріс – 1,3 млн теңге, трансферттік кіріс – 13,6 млн теңге, өзге кірістер – 7,4 млн теңгені құрайды.
Ақкөл аудандық пошта бөлімшесінде (қабылдау және жеткізу) орта есеппен күніне 80 сәлемдеме өңделеді. Ал мерзімді басылымдарға жазылу – Ақкөл АПББ-нің негізгі бағыттардың бірі. Бізде өздерінің сүйікті газеттері мен журналдарына жазылатын тұрақты тұтынушыларымыз жетерлік: «ЗОЖ», «Бабушкины рецепты», «Люблю готовить» және т.б.
-Қазпошта бүгінде қандай қызмет көрсетеді?
– Ұлттық пошта операторы халыққа қызметтердің кең спектрін ұсынады: пошталық, қаржылық, агенттік, брокерлік қызметтер. Пошта қызметтеріне хаттарды, бандероль, сәлемдемелерді жіберу және үйге дейін жылдам жеткізу кіреді. Біздің клиенттер үшін өте қажет қызмет. Біз оларды тек Қазақстанның түкпір-түкпіріне ғана емес, сонымен қатар ТМД елдеріне және шетелге жөнелтілімдер жіберу арқылы қуанышқа бөлейміз. Қазпошта барлық қажетті операцияларды орындауға мүмкіндік береді: мысалы, ақша аударымдарын жасау, коммуналдық төлемдерді төлеу, газеттер мен журналдарға жазылу, сәлемдемелер мен хаттарды жіберу. Мұндай қызметтер жиынтығы тек бізде ғана!
– Компания ұжымы туралы айтып берсеңіз?
— Ұжым өте мейірімді, өз істерінде сауатты, белсенді және қоғам өміріне араласатынын атап өткім келеді. Филиалда жалпы 940 адам жұмыс істейді, оның 38-і Ақкөл аудандық бөлімшесінде қызмет атқаруда. Әрқайсысы білікті маман, еңбекқор, кәсіби міндеттерін тиянақты орындайды. Әсіресе, құрметті қарттарымыз, өндіріс ұжымының өкілдерін атап өткім келеді. Олардың қатарында 1985 жылдан осы уақытқа дейін «Қазпошта» АҚ Ақмола филиалының Ақкөл аудандық пошта бөлімшесінде жеткізу қызметінің сұрыптаушысы болып жұмыс істейтін Ирина Григорьевна Тоболова бар. Берілген міндеттерге және облыстық пошта орталығының жұмысын ұйымдастыруға аса жауапкершілікпен қарайды. Табандылық, нақтылық сияқты қасиеттерге ие. Берілген тапсырмалардың мәнін түсініп, уақытында орындайды. Жас мамандарға өзінің бай өндірістік тәжірибесімен бөлісіп, оларға тәлімгер болуда. Ол өз ісіне адал, адамдармен қарым-қатынасы мейірімді. Татьяна Александровна Лабунская 2008 жылдан бері «Қазпошта» АҚ Ақмола филиалының Ақкөл аудандық пошта бөлімшесінде бақылау-кассалық аппаратының бас маманы болып жұмыс істейді. Ол өз міндеттерін жақсы атқарады, талапшыл, қатал және ұқыпты. Жұмысына адалдықпен қарайды, жоғары ұйымдар бекіткен ережелерді толық орындайды, жұмыс орнында жайлылық пен тәртіпті жақсы көреді. Тұтынушылар мен әріптестерге қамқорлық таныта қарайды. Барлық қоғамдық шараларға қатысып, әріптестермен қарым-қатынаста белсенді позицияны ұстанады. Әдепті, ұйымдастырушылық қабілеті бар, барлық қоғамдық шараларға қатысады. Жұмыс барысында өзін белсенді қызметкер, басшы ретінде көрсетіп, кәсіпорынның қызметтері мен бөлімшелерінің жұмысына практикалық көмек көрсетуде. Маско Денис Васильевич 2005 жылдан бері «Қазпошта» АҚ Ақмола филиалының Ақкөл аудандық пошта бөлімшесінде аға инкассатор болып жұмыс істейді. Маско Д.В. жұмыстың барлық кезеңінде өзін жақсы жағынан көрсетті. Пошталық және коммерциялық құпияны сақтай алады. Кәсіби білімін жетілдіру үшін үнемі жұмыс жасайды. Лауазымның функционалдық міндеттерін жақсы біледі. Ол әріптестерімен қарым-қатынасында сыпайы және бөлімде лайықты беделге ие. Табиғатынан сабырлы, ұстамды, шыншыл. Қиын жағдайларды тез шешеді. Меруерт Қадырқызы Кудренова 2006 жылдан бері «Қазпошта» АҚ Ақмола облыстық филиалының Ақкөл аудандық пошта бөлімшесінде жеткізу қызметі бойынша пошташы болып жұмыс істейді. М.Қ. Кудренова жұмысы барысында өзін жауапты, белсенді қызметкер және өз саласының кәсіби маманы ретінде көрсетті. Кудренова М.К. адамдармен тез тіл табысады, әріптестері арасында беделді. Қиын жағдайларда шешім қабылдай алады және нәтижеге жетуде жауапкершілік танытады. Меруерт Қадырқызы өз жұмысын үнемі ұқыпты атқарып, еңбек тәртібін қадағалап отырады. Оның жұмысына шағымдар мен пікірлер жоқ.
– Жұмысшылардың орташа жалақысы қандай және 2024 жылдан бастап жалақыны көтеру жоспарда бар ма?
– Қоғамдағы индексацияға байланысты жалақы мөлшері жыл сайын артып келеді және қазіргі уақытта орта есеппен 143 мың теңгені құрайды. 2024 жылы да 5-25%-ға дейін индекстеуді жүргізу жоспарлануда.
– Рашит Ерсінұлы, алдағы жоспарыңызбен бөліссеңіз?
– 2024 жылға жоспарлар көп. Өздеріңіз білетіндей, компания биыл 30 жылдық мерейтойын атап өтті. Бүгінде акционерлік қоғам халыққа 250 қызмет түрін көрсетеді. 148 филиалда 1000-ға жуық қызметкер жұмыс істейді. Жақсы материалдық-техникалық база мамандарға тиісті деңгейде қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Мемлекет басшысы компания ұжымына арнаған құттықтау сөзінде атап өткендей, «Қазпошта» отыз жыл ішінде сәлемдемелер мен хаттарды жеткізіп, танымал логистикалық және қаржылық қызметтер кешенін ұсына отырып, қоғам өмірінде үлкен рөл атқарды. Бұл әлеуметтік инфрақұрылымның негізгі нысандарының бірі болып табылатын ауылдар үшін ерекше маңызға ие. Филиалдардың кең желісінің арқасында пошта операторы Отанымыздың ең шалғай түкпірлеріне қызмет көрсетеді, дамыған инфрақұрылым арқылы шағын және орта бизнесті қолдауда ерекше рөл атқарады. Бүгінгі таңда біздің компания көп функционалды және заманауи, еліміздің бәсекеге қабілетті нарығына және халықаралық пошта қауымдастығына біріктірілген. Осылайша, Сіздің болашаққа арналған жоспарлар туралы сұрағыңызға жауап ретінде, біз тұрақты дамуды сақтауға және мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерін орындауға үлес қоса отырып, Қазақстанның көлік-логистикалық әлеуетін нығайту бойынша жұмысты жалғастырамыз деп сөзімді қорытайын.
Всегда оставаться на связи
Прогнозы скептиков о том, что с появлением электронных средств связи почтовые услуги потеряют свою актуальность, действительность опровергает на каждом шагу. Сегодня почта стремится стать еще ближе к своим клиентам. Реконструированные почтовые отделения, удобный режим работы, широкий спектр услуг, предоставление возможности общаться со всем миром — все это связывает людей и бизнес, содействует интеграции. Кроме того, современная почта активно работает в секторе логистики, почтово-банковских услуг, стремительно развивает информационные технологии. Побеседовали с Копеевым Рашитом, начальником Аккольского РУПС, чтобы узнать какой спектр услуг предоставляет своим клиентам компания.
Копеев Рашит имеет высшее юридическое образование. Он выпускник юридического факультета КарГУ. За плечами Рашита Ерсиновича – 15-летний стаж работы, 5 лет из которых составляет трудовая деятельность в системе АО «Казпочта»: начальник Шортандинского РУПС, начальник Отдела инкассации Филиала «Астанинский почтамт»,
начальник службы специальной связи по г. Астана. С ноября 2023 года возглавляет Аккольский РУПС.
— Рашит Ерсинович, с какими показателями завершаете текущий год?
Аккольский РУПС – один из лидеров среди РУПС Акмолинского филиала по выполнению плана по доходам. По итогам работы за 10 месяцев 2023г. Аккольский РУПС выполнил план по доходам на 103,6%, получены доходы в сумме 59,5 млн. тенге при плане 57,4 млн. тенге, в том числе получены доходы по почтовым услугам в сумме 7,9 млн. тенге, по оказанию финансовых услуг – 29,3 млн. тенге, по агентским – 1,3 млн. тенге, получены трансферные доходы в сумме 13,6 млн. тенге, прочие доходы – 7,4 млн. тенге.
В среднем ежедневно в Аккольском РУПС обрабатывается 80 посылок (прием и выдача). А подписка на периодические печатные издания — одно из самых основных направлений в Аккольском РУПС. У нас есть постоянные клиенты, которые выписывают свои любимые газеты и журналы: такие, как ЗОЖ, Бабушкины рецепты, Люблю готовить и многое другое.
— Какие услуги сегодня оказывает Казпочта?
— Национальный оператор почтовой связи оказывает большой спектр услуг населению: почтовые, финансовые, агентские, брокерские услуги. Почтовые услуги заключаются в отправке писем, посылок, бандеролей, ускоренной отправки до двери. Очень нужная услуга для наших клиентов. Мы приносим им радость, осуществляя рассылки не только по Казахстану, но и странам СНГ и дальнего зарубежья. Казпочта предоставляет возможность совершать все необходимые операции: например, совершать денежные переводы, оплачивать коммунальные услуги, выписывать газеты и журналы, отправлять посылки и письма. Такого нигде такого нет!
— Рашит Ерсинович, расскажите о коллективе компании?
— Хочу отметить, что коллектив очень дружелюбный, компетентный в своих вопросах, очень активный, участвует в жизни Общества в целом. В филиале трудится 940 человек, из них 38 – в Аккольском РУПС. Все они – квалифицированные, исполнительные, трепетно относящиеся к выполнению профессиональных обязанностей. Отдельно хотел б отметить наших уважаемых старожил – представителей производственного персонала. Среди них – Тоболова Ирина Григорьевна, работает в Аккольском РУПС Акмолинского ОФ АО «Казпочта» с 1985 года по настоящее время в качестве сортировщицы службы доставки. Очень ответственная в поручаемых заданиях и в организации работы районного узла почтовой связи. Обладает такими качествами, как упорство и целеустремленность. В суть поручаемых заданий вникает и выполняет их в установленный срок. Является наставником молодых специалистов, передает им свой богатый производственный опыт. Добросовестно относится к своей работе, принципиальна, в общении с людьми дружелюбна. Лабунская Татьяна Александровна работает в Аккольском РУПС Акмолинского ОФ АО «Казпочта» с 2008 года заведующей главной кассой РУПС. С обязанностями отлично справляется, требовательна, строга, пунктуальна. К работе относится добросовестно, полностью соблюдает правила, утвержденные вышестоящими организациями, любит уют и порядок на рабочем месте. Внимательно и заботливо относится к клиентам и коллегам. Участвует во всех общественных мероприятиях, занимает активную позицию в обращении с коллегами. Вежлива, обладает организаторскими способностями, общественно активна, принимает участие во всех общественных мероприятиях. За время работы показала себя исполнительным, инициативным работником, оказывала практическую помощь в работе служб и подразделений предприятия. Масько Денис Васильевич работает с 2005 года в Аккольском РУПС Акмолинского ОФ АО «Казпочта» в должности старшего инкассатора. Масько Д.В. за все время работы зарекомендовал себя с положительной стороны. Умеет хранить почтовую и коммерческую тайну. Постоянно работает над повышением своих профессиональных знаний. Хорошо знает функциональные обязанности занимаемой должности. В отношении с коллегами вежлив, имеет заслуженный авторитет в подразделении. По характеру спокоен, сдержан, честен. Быстро ориентируется в сложной ситуации. Кудренова Меруерт Кадыровна работает с 2006 года почтальоном службы доставки в Аккольском районном узле почтовой связи Акмолинского областного филиала АО «Казпочта». За время работы Кудренова М.К. зарекомендовала себя ответственным, инициативным, коммуникабельным работником, профессионал своего дела. Особенно хочется подчеркнуть то, что Кудренова М.К. прекрасно ладит с людьми, уважаема среди коллег. Способна самостоятельно принимать решения в трудных ситуациях и нести ответственность за результат. Меруерт Кадыровна всегда аккуратно выполняет свою работу, следит за трудовой дисциплиной. Претензий и замечаний к ее работе нет.
— А какой размер средней заработной платы сотрудников и планируется ли повышение оплаты труда с 2024 года?
— Размер заработной платы в связи с индексацией в Обществе увеличивается ежегодно и в среднем составляет 143 тыс тенге на данный момент. В 2024 году также планируется проводить индексацию от 5-25%.
— Рашит Ерсинович, поделитесь планами на перспективу?
— Планов на 2024 год очень много. Как известно, в этом году компания отметила свое 30-летие. Сегодня акционерное общество предоставляет населению 250 видов услуг. В 148 отделениях работают порядка 1000 сотрудников. Хорошая материально-техническая база позволяет специалистам оказывать услуги на должном уровне. Как отметил в своем поздравительном обращении к коллективу компании Глава государства, три десятилетия Казпочта играет огромную роль в жизни людей, доставляя посылки и письма, оказывая целый ряд востребованных логистических и финансовых услуг. Особое значение она имеет для села, где является одним из ключевых объектов социальной инфраструктуры. Благодаря обширной сети филиалов оператор почтовой связи обслуживает самые отдалённые уголки нашей Родины. А особую роль отводится организации в поддержке малого и среднего бизнеса за счёт своей развитой инфраструктуры. Сегодня наша компания – многофункциональная и современная, интегрированная в конкурентный рынок страны и международное почтовое сообщество. Таким образом, отвечая на Ваш вопрос касательно планов на перспективу, мы продолжим работу по укреплению транспортно-логистического потенциала Казахстана, внося свой вклад в сохранение устойчивого развития и реализации социальных обязательств государства.
Беседовала Динара Архарова
