Диқандардың мәселесі назардан тыс қалмайды

Автор: | 17 января, 2024

Ақкөл ауданында «Ауыл» партиясы депутаттары, жергілікті атқарушы органдар өкілдері мен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қатысуымен жиын өтті.

Өңірге жұмыс сапарымен келген Парламент Мәжілісінің депутаты Серік Егізбаевпен кездесуде диқандар облыс деңгейінде ауыл шаруашылығын дамытуды қолдауға субсидия бөлу, сатып алудағы қиындықтарға қатысты бірқатар түйткілді мәселелерді талқылады. Қазақстанда өндірілмейтін, бірақ елімізге әкелінген аса қажетті мал азығын жинайтын техникаға бүгінде шаруалар үшін қолжетімсіз баж салығы салынып, жерді пайдалану мәселесі бойынша жүргізіліп жатқан сот процестеріне де тоқталды.

Атап айтқанда, бір кәсіпорынның атқарушы директоры Дәурен Әбдірахманов телефон арқылы сұхбатында айтып өткендей, қазір шаруа қожалығының бетпе-бет келіп отырған түйткілді мәселелерінің бірі – «Ақкөл-агро» ЖШС 2020 ж. сатып алған егістік жер теліміне меншік құқығын апелляциялық тәртіпте қорғау болып табылады.

Белгілі болғандай, осыдан жарты жылдан астам уақыт бұрын облыстық жер комитетінің тексеруі барысында аудан әкімдігі «Аяғанов» шаруа қожалығына жер беру кезінде кейбір процедуралық заң бұзушылықтар анықталған, кәсіпорын бұл жерді шаруа қожалығымен бірге сатып алған және оны мақсатына сай өңдеу жұмыстарын жүргізуде.

Атқарушы директордың айтуынша, егер бұл жерді әлі де заңды түрде қорғау мүмкін болмаса, онда өсірілген малды жеммен қамтамасыз ету мәселесі шаруалар үшін өте өзекті болады.

Домбыралы ауылындағы Кеңес ауылдық округіне қарасты шаруа қожалығында бүгінде 380-ге жуық басы болса, оның ішінде 120-сы сауын сиыр.

– Біздің ЖШС-де симментал тұқымды асыл тұқымды ірі қара мал бар. Жергілікті халық үшін 20-дан астам жұмыс орны ашылып, бұл Ақкөл өңірінің дамуына оң әсерін тигізуде. 2020 жылдан бастап сүтті мал шаруашылығын дамытып, мал басын көбейтіп жатырмыз. Ауыл шаруашылығы кәсіпорнының аумағында асыл тұқымды мал базасы, әкімшілік-тұрмыстық кешен, сүт бөлімшесі орналасқан. Сауын залы ұйымдастырылған, құны 80 миллион теңгені құрайтын шведтік DeLaval өндірушісінің сауу қондырғысы орнатылған», — деді бізге ауыл шаруашылығы кәсіпорнының басшысы Мәди Есқараев.

Тәжірибелі малшы осыдан 4 жыл бұрын қу далада сиыр қора, сауын және басқа да қажетті үй-жайлар салғанын еске алады. Одан кейін сиырлардың жағдайын бақылайтын цифрлық жүйені енгізді. Арада бір жыл өткенде Ақмола облысы, Атамекен ауылындағы шаруа қожалығынан сатып алынған симментал тұқымдарының алғашқы 40 басы шаруашылыққа әкелінді. Ал 2022 жылы Австриядан тағы 100 симментал әкеліп, мал басын толықтырды. Одан кейін жақын жерде жұмыс істейтін Аяғанов атындағы шаруа қожалығының шағын сүт-тауар фермасын сатып алу туралы шешім қабылданды. Кеңейтудің бір себебі, таза тұқымды сиыр басын 100 басқа көбейту ғана емес, сонымен қатар, ең бастысы, мал азығын өндіретін кәсіпорын үшін өмірлік қажетті жайылымдық жер қажеттілігі болды.

– Жер бізде бар болды, бірақ ол сүт-тауарлы фермадан шалғай, Астана-Көкшетау тас жолында орналасқан болатын. Алғаш жұмыс істей бастағанда сол жерге мал азықтық дақылдар егіп, орақ науқанында егінді шаруашылыққа тасымалдайтынбыз. Бірақ бұл бізге қымбат болып шықты. Осылайша, алғашқы жылдары жеміміз алтынмен тең болды», — дейді құрылтайшы.

Әрине, көрші шаруашылықты алған соң жағдай жақсарды. 5 км радиуста жақын маңдағы 440 га егістік алқаптың барлығына мал азықтық дақылдар, сонымен қатар күнбағыс, шырынды жем дайындауға арналған жүгері және арпа егілді.

Қазір шаруашылықта тәулігіне 2,5 тонна, әр сиырдан 20 литрдей сүт сауылып, Шортанды ауданындағы жақын маңдағы қаймақ зауытында сатылуда.

– Майы мен ақуызы жоғары сапалы сүтті қыста литрін 250 теңгеден, жазда 220 теңгеден сатамыз. Әрине, алдағы жоспарларда өнімді өз бетімізше өңдеуді және ашытылған сүт өнімдерін шығаруды жолға қою бар, бұл шаруашылықтың табыстылығын арттырады. Ол үшін мал басын жобалық мөлшерге жеткізіп, күніне кемінде 8 тонна сүт өндіруге қол жеткізу қажет. Үй-жайлар бар, тек қажетті құрал-жабдықтармен жабдықтау керек, біз оны бізден 100 шақырым жерде орналасқан елордаға сатуды жоспарлап отырмыз, — дейді аграрий.

Жалпы, Ақкөл ауданында 2023 жылдың қорытындысы бойынша ірі қара мал саны 23,9 мың басты (99,9%) құрады. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында мал басының 21 басқа азаюы «Азат Агро» ЖШС мал басын етке өткізу көлемінің артуына байланысты байқалды. Сиыр саны 12,8 мың бас (112,8%).

2023 жылы Ақкөл ауданында жалпы өнім көлемі 22,7 млрд теңгені, оның ішінде мал шаруашылығы өнімдері 9,9 млрд теңгені құрады.

 

Проблемы аграриев не остаются без внимания

 

В Аккольском районе состоялось совещание с участием депутатов партии «Ауыл», представителей местных исполнительных органов и сельхозтоваропроизводителей.

В рамках встречи с депутатом Мажилиса Парламента Сериком Егизбаевым, посветившим регион с рабочим визитом, аграрии обсудили ряд проблемных вопросов, связанных с выделением субсидий на поддержку развития сельского хозяйства на уровне области, затруднениями с приобретением столь необходимой кормоуборочной техники, которая не производится в Казахстане,  а ввозимая извне в страну на сегодняшний день облагается неподъемными для фермеров пошлинами, а также рассказали о продолжающемся судебном процессе по вопросам землепользования.

В частности, как сообщил нам в телефонной беседе исполнительный директор предприятия Даурен Абдрахманов, одним из ключевых проблемных вопросов, с которым сейчас сталкивается ферма – отстаивание в апелляционном порядке права на владение обрабатываемого земельного участка, выкупленного ТОО «Акколь-агро» в 2020 году.

Как оказалось, более полугода назад в ходе проверки областным земельным комитетом были установлены какие-то процедурные нарушения при выдаче районным акиматом земли крестьянскому хозяйству «Аяганов», у которого предприятие эту землю вместе с фермой выкупило и обрабатывает по назначению.

По словам исполнительного директора, если эту землю все-таки не удастся отстоять в законном порядке, то у аграриев очень острым станет вопрос с обеспечением кормами для разводимых животных.

А их сегодня на ферме, расположенной в Кенесском сельском округе в селе Домбыралы, около 380 голов, из них 120 дойных коров.

— Наше ТОО имеет племенное маточное поголовье крупного рогатого скота породы симментал. Для местного населения создано более 20 рабочих мест, что положительно влияет на развитие Аккольского района.  Мы с 2020 года занимаемся развитием молочного животноводства, увеличивая поголовье крупного рогатого скота. На территории сельхозпредприятия функционирует животноводческая база, административно-бытовой комплекс, молочный блок. Доильный зал организован по типу «Ёлочка», установлено доильное оборудование от Шведского производителя DeLaval стоимостью 80 млн. тенге, — рассказал нам глава сельхозпредприятия Мади Ескараев.

Опытный животновод вспоминает – 4 года назад в голой степи он построил коровник, доильный зал и прочие необходимые помещения. После внедрил цифровую систему для мониторинга состояния коров. Буквально через год в хозяйство завезли первые 40 голов симменталов, закупленных c фермы из села Атамекен Акмолинской области. А в 2022-м пополнили поголовье, привезя еще 100 симменталов из Австрии. Тогда и было принято решение выкупить небольшую молочную ферму КХ «Аяганов», которая работала поблизости. Первой причина расширения стало не только увеличение численности породистых коров на 100 голов, но и самое главное, потребность в пастбищах, жизненно необходимых предприятию для кормопроизводства.

— В собственности земля у нас была, но она расположена в отдалении от молочной фермы, на участке трассы Астана-Кокшетау. Когда мы только начали работать, то посеяли там кормовые культуры и в период жатвы транспортировали урожай на ферму. Но это оказалось дорогостоящим мероприятием, расходы на перевозку плюс взимание платы на проезд по дороге, размер которой каждый раз включал полный километраж от столицы до Щучинска несмотря на то, что мы, конечно, не преодолевали все это расстояние. Таким образом, в первый год работы корма у нас оказались на вес золота, — делится учредитель.

Безусловно, с приобретением соседней фермы, ситуация улучшилась. Все пашни, площадью 440 га рядом в радиусе 5 км, были засеяны кормовыми культурами, а также подсолнечник, кукурузу для заготовки сочных кормов и ячмень.

В настоящее время ферма выпускает 2,5 тонны молока в сутки, около 20 литров с каждой коровы, которые реализуют на близрасположенном маслозаводе в Шортандинском районе.

— Молоко качественное, с высоким содержанием жира и белка, продаем за литр 250 тенге зимой и 220 тенге в летний период. Конечно, в планах на перспективу – запуск собственной переработки продукции, производство кисломолочных изделий, что повысит рентабельность фермы. Для этого нужно довести поголовье до проектной численности и выйти на производство как минимум 8 тонн молока в сутки. Помещения имеются, нужно только оснастить необходимым оборудованием, а продавать планируем уже в столицу, расположенной от нас в 100 км, — рассказывает аграрий.

В целом, по Аккольскому региону численность крупного рогатого скота по итогам 2023 года составила – 23,9 тыс. голов (99,9 %). Снижение поголовья на 21 голову наблюдалось в сельхозпредприятиях по причине увеличения реализации поголовья на мясо в ТОО «Азат Агро». Численность коров составляет 12,8 тыс. голов (112,8 %).

Валовый выпуск продукции в 2023 году в Аккольском районе составил 22,7 млрд. тенге, в том числе продукции животноводства 9,9 млрд. тенге.

Динара Архарова