Азат тұрғындары қалай өмір сүреді?

Автор: | 17 января, 2024

2023 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша Азат ауылында атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесі жөнінде аудан әкімі Самат Идрисовпен сұхбаттасқан едік.

Өткен жылы электронды үкімет порталы арқылы жергілікті тұрғындардың 46 өтініші қабылданып, қаралды. Тұрғындарды негізінен жұмыспен қамту, абаттандыру және бұралқы иттерді аулау жөніндегі мәселелер толғандырады. Есепті кезеңде жергілікті қоғамдастықтың 7 жиыны және 9 жиналысы өткізіліп, онда инфрақұрылымды дамыту, жеке сектордағы мал бағу, қолданыстағы бағдарламалар бойынша бюджет қаражатын бөлу және т.б. түрлі мәселелер шешілді.

Қазіргі таңда ауыл аумағында 131 оқушы оқитын орта мектеп жұмыс істейді, 20 бала алдын ала дайындыққа, 33 бала шағын орталыққа барады, оның ішінде 26 бала күндізгі бөлімде. Педагогикалық ұжым 36 мұғалімнен тұрады.

– Басты мәселенің бірі – мектептегі қазандық. Жақында ғана мұнда жаңа қазандық орнатылды, бірақ түтіндену мәселесі әлі де бар, себебі көмір сапасыз, барлық жұмысты жұмысшылар өз қолдарымен жасайды, бұл шамамен ауысымына 4-5 тонна. Жұмысшылардың арнайы демалыс бөлмесі мен душ жоқ, — деп бөлісті әкім бізбен әңгімесінде.

Дәрігерлік амбулатория медициналық кадрлармен толық қамтамасыз етілмеген. Демек, медбике, лаборант, фармацевт жұмыс істемейді, аудан дәрігері уақыты болса, аптасына бір келеді. Соған қарамастан флюорографиядан өтудің жылдық жоспары 100 пайызға орындалды. Ал скринингтік тексеруден 143 адам өтті.

Әкіммен ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту жөнінде де әңгімелестік. Азатта 4 дүкен және 2 дәмхана халықты азық-түлік өнімдерімен және халық тұтынатын тауарлармен (соның ішінде құрылыс тауарларымен) қамтамасыз етеді. Жергілікті дүкендердегі нанды Ақкөл қаласынан «Бужерин» жеке кәсіпкерлігі аптасына 3 рет, Степногорск қаласынан «Феникс» жеке кәсіпкерлігі аптасына бір рет әкеліп отырады. Бір бөлкенің құны 210 теңге. Жергілікті наубайханада күніне 70 бөлке нан пісіріліп, халыққа 200 теңгеден сатылуда. Бірақ бұл жерде әлеуметтік нан жоқ. Жергілікті наубайханаға арзанырақ ұн алу үшін аудандық кәсіпкерлік басқармасына хабарласқанымызбен, әзірге жауап жоқ. Халықты жұмыспен қамту аясында тамыз айынан бастап газ құю станциясы жұмысын бастады, 3 адам жұмыспен қамтылды. Бұл жобаның іске қосылуы тұтастай алғанда тас жол бойымен жүретін көліктерді жанармаймен қамтамасыз етуге және ауыл тұрғындары үшін газ баллондарын толтыруға мүмкіндік берді, бұл ауыл тұрғындары үшін өте ыңғайлы әрі қолжетімді.

Әкімдік тарапынан аумақтарды абаттандыру аясында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Осылайша көктемгі және күзгі кезеңде санитарлық тазалық айлықтары ұйымдастырылады. 2023 жылы қоғам мүшелері мен белсенділер тарапынан үлкен көлемде абаттандыру жұмыстары жүргізілді. 692 мың теңгеге қатты тұрмыстық қалдықтарын жинадық. 574 мың теңгеге орталық көшенің бойымен су өткізетін құбыр жүргіздік. 2 млн 578 мың теңгеге Абай және Самал көшелерін профильдеу, қиыршық тас қосу жұмыстары жүргізілді. Қысқы кезеңге ауыл көшелеріндегі қарды тазалау бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізіліп, жеңімпаз болып Ақкөлдік «Бертлеу О.О.» жеке кәсіпкері анықталды. Қазірдің өзінде жолдарды уақытылы тазалауға негіз болатын келісім жасалған. Ал орталық көшеге су құбыры тартылды.

Ауылдағы зооэпидемиологиялық жағдай тыныш. Ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру жүйелі түрде жүргізіледі, малды ветеринариялық өңдеу жылына екі рет жүргізіледі.

– Әлеуметтік мәселелерді шешу – әкімдік жұмысындағы басым бағыттардың бірі. Бізде 1025 адам тұрып жатыр, оның 537-сі еңбекке жарамды жаста, 120-сы зейнеткер, 29 мүгедек, 15 көп балалы отбасы, оның екеуі атаулы әлеуметтік көмек алады. Ауылда 5 жалғызбасты зейнеткер бар, оларға әлеуметтік қызметкерлер қызмет көрсетеді. 9 мамыр Жеңіс күні 9 тыл еңбеккерлерін құттықтап, жалпы сомасы 55 мың теңгені құрайтын азық-түлік жиынтығын табыс еттік. Сонымен қатар, қарттар мен мүгедектерді қолдау айлығында қарттар мен мүгедек зейнеткерлерге жалпы сомасы 190 мың теңгеге азық-түлік жиынтығы берілді.

– Барлық жұмыстар өз қаражатымызға жүргізілгенін атап өткім келеді. 2022-2023 жылдары аудан бюджетінен ауылымызға бір тиын да бөлінбеді, дегенмен 2 жылдың ішінде облыстық, аудандық бюджет комиссияларына ауылішілік жолдарды жөндеуге, көшелерді жарықтандыруға, спорт алаңын салу және балалар ойын алаңын орнату, жөндеу жұмыстарына бірнеше рет өтініштер бергенбіз. Өкінішке орай, барлық өтініштер жауапсыз кері қайтарылды. 2023 жылдың 10 айы бойы ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы аясында келесі жұмыс түрлері атқарылды: 1 млн 233 мың теңгеге 60 көше жарықтандыру шамдары ауыстырылды. Мердігерлердің сапасыз орнатылған шамдардың кесірінен көшелерді жарықтандыру жүйесі істен шыққан. Алдағы уақытта Көкшетау облыстық сотында қаралатын «Үміт» жеке кәсіпкерінің үстінен талап-арыз бердік, — деп түйіндеді әңгімені С.Идрисов.

 

Как живут азатовцы?

 

Об итогах проведенной в селе Азат работы в разрезе социально-экономических показателях за 2023 год поговорили с акимом Саматом Идрисовым.

В прошлом году посредством портала электронного правительства к нам поступило и было рассмотрено 46 обращений из числа местного населения. В основном людей волнуют вопросы трудоустройства, благоустройства и отлова бродячих собак. За отчетный период проведено 7 сходов, 9 собраний местного сообщества, на которых решались различные жизненно-важные проблемы касательно развития инфраструктуры, выпаса скота частного сектора, распределения бюджетных средств по действующим программам и т.д.

В настоящее время на территории села функционирует  средняя школа, где обучается 131 школьник, на предподготовку ходит 20 детей, миницентр посещают 33 ребенка, из них 26 детей находятся полный день. Педагогический коллектив состоит из 36 учителей.

-Одной из главных проблем является котельная школы. Недавно здесь установили новый котел, но сохраняется проблема с задымленностью, уголь плохого качества, вся работа выполняется кочегарами вручную, а это порядка 4-5 тонн за одну смену. Для работников отсутствуют нормальная комната отдыха и душевая, — поделился в беседе с нами аким.

Коллектив врачебной амбулатории не полностью обеспечен медицинскими кадрами. Так, медсестра, лаборант и аптекарь не работают, врач из района приезжает 1 раз в неделю, если у него есть время и желание. Тем не менее годовой план по прохождению флюоросмотра выполнен на 100 процентов. А скрининговое обследование прошли 143 человека.

Поговорили с акимом и о развитии предпринимательства на селе. В Азате функционируют 4 магазина и 2 кафе, предоставляющих населению широкий ассортимент продуктов питания и товаров народного потребления, (в т. ч. строительных). Хлеб в местных магазинах завозится из города Акколя ИП «Бужерин» 3 раза в неделю и г. Степногорска ИП «Феникс» 1 раз в неделю. Стоиомсть буханки составляет 210 тенге. Местная пекарня ежедневно печет 70 булок, которые реализуются населению по 200 тенге. А вот социального хлеба в данной местности нет. По приобретению удешевленной муки для тамошней пекарни обращались в районный отдел предпринимательства, но пока ответа нет. В рамках занятости населения с августа начала функционировать газовая заправка, куда трудоустроено 3 человека. Запуск данного проекта в целом позволил обеспечивать голубым топливом автомобилей, проезжающие по автотрассе и заправлять газовые баллоны жителей села, что вполне удобно и доступно по цене для сельчан.

Большая работа проводится акиматом в рамках благоустройства территорий. Так, весенне-осенний периоды были организованы месячники санитарной очистки. В 2023 году силами общественников и активистов был проведен большой объем работ по благоустройству. Собрали полигон твердых бытовых отходов на сумму 692 тыс.тенге. Произвели укладку водопропускной трубы по улице Орталык на сумму 574 тыс. тенге. Произведено грейдирование с профилированием, подсыпкой щебня и укаткой улиц Абая и Самал на сумму 2 млн. 578 тысяч тенге. На зимний период по очистке снега на улицах села состоялся конкурс на госзакупках и определен победитель – ИП «Бертлеу О.О.» из г.Акколь. Уже заключен договор, что дает основание на своевременную уборку дорог. А на центральной улице построена водопроводная труба.

Зооэпидемиологическая обстановка в селе спокойная. Идентификация сельскохозяйственных животных проводится регулярно, ветеринарная обработка скота – дважды в год.

Решение социальных проблем – это одно из приоритетных направлений в работе акимата. У нас проживают 1025 человек, из них трудоспособного возраста – 537 человек, 120 пенсионеров, 29 человек с ограниченными возможностями, 15 многодетных семей, двум из которых оказана адресная социальная помощь. В селе 5 одиноких пенсионеров, которых обслуживают социальные работники. 9 мая ко Дню Победы поздравили 9 тружеников тыла и вручили им продуктовый набор на общую сумму 55 тыс. тенге. Кроме того, в месячнике поддержки престарелых и инвалидов был предоставлен продуктовый набор для престарелых и пенсионеров-инвалидов на общую сумму 190 тыс. тенге.

— Хочу отметить, что все работы проводились на собственные средства. В 2022-2023 годах из районного бюджета нашему селу не выделили ни копейки, хотя за 2 года мы неоднократно подавали заявки в областную, районную бюджетную комиссию на ремонт внутрипоселковых дорог, освещение улиц, ремонт спортивной площадки и установку детской площадки. К сожалению, все заявки были отозваны без ответа. За 10 месяцев 2023 года в рамках социально-экономического развития села  произведены следующие виды работ: на 1 млн. 233 тыс. тенге заменены 60 светильников уличного освещения. Из-за некачественных установленных светильников недобросовестными подрядчиками, система уличного освещения вышла из строя. Мы подали судебный иск к индивидуальному предпринимателю «Умит», который будет рассматриваться в Кокшетауском областном суде в ближайшее время, — подытожил беседу С.Идрисов.

Динара Архарова, село Азат