1 ақпан – дүниежүзілік сайлау күні

Автор: | 9 февраля, 2024

Дүниежүзiлiк сайлау күнi ақпанның бiрiншi бейсенбiсiнде атап өтiледi, бұл күндi Венгрияда 2005 жылғы 14-17 қыркүйекте өткен Дүниежүзiлiк сайлау ұйымдарының конференциясы белгiледi. Мереке азаматтардың сайлауға қатысу құқығын және демократиялық азаматтық құқықтар мен бостандықтарды құрметтеудi бiлдiредi. Мереке бастамашыларының ойынша, бұл күндi өткiзудiң негiзгi мақсаттары — сайлау процесiне ашықтық пен айқындылықты енгiзу, халықты сайлау процесiнiң жетiстiктерi туралы хабардар етуге бағытталған демократиялық реформалар, сайлау процесiне заманауи электрондық технологияларды енгiзу және қазiргi жастардың сайлау процесiнiң демократиялық құндылықтарын ұстануын қалыптастырудағы кез келген кедергiлердi жою болып табылады.

Қазiргi заманғы сайлау процесiнiң ашықтығы, айқындығы барлық деңгейдегi сайлау комиссияларының жұмысының оң имиджін қалыптастыруға, сайлау заңнамасын бұзғаны үшiн олардың жауапкершiлiгiн арттыруға және кез келген кезеңде олардың дереу жолын кесуге бағытталған. Сайлау комиссияларының жұмысына түрлi саяси партиялар мен қоғамдық бiрлестiктер өкiлдерiнiң қатысуы сайлау процесiн неғұрлым ашық етедi, азаматтардың сайлауға деген сенiмiн арттырады.

Сайлау процесiн жетiлдiру — сөзсiз, бiздiң қоғамымыз бен мемлекетiмiздiң дамуын көрсетеді. Бiз ең озық және ең жақсысын өмiрiмiзге енгiзуге тырысамыз, ал сайлау процесi бiздiң өмiрiмiздiң ажырамас бөлiгi болып табылғандықтан, оның дамуы бiздiң қоғамның талаптарына сәйкес келуi керек.

Ақкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы