Ақкөл ауданында қуанышты оқиға орын алды: Тағы 18 көпбалалы отбасы жаңа баспанаға ие болды.

Автор: | 18 декабря, 2024

Тұрғын үй құрылысын дамыту және халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау аясында Ақкөл ауданының әкімдігі көп балалы отбасыларға 18 пәтер сатып алды. Абаттандырылған әрбір үйдің ауданы 81 шаршы метрді құрайды.
Әкімдік аудан орталығында осы көппәтерлі тұрғын үйлердің құрылысына инвесторларды тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізді. Үйлер тұрғын үй алу тізімінде кезекте тұрған тұрғындарды пәтерлермен қамтамасыз ету мақсатымен салынды. Нәтижесінде, Құрылыс көшесінде 18 екі пәтерлі тұрғын үй (18 пәтер) пайдалануға берілді.


Аудан әкімі Біржан Әбдірахманов қоныстанушыларды құттықтап, пәтер кілттерін табыстады. Кейбір кезекте тұрғандар тұрғын үй алуды 10 жылдан астам уақыт күткен екен.
— Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша тұрғын үймен қамтамасыз етудегі тұрғын үй сатып алудың жаңа тетігі енгізілді. Пәтерлерді сатып алу кезінде жайлылық пен инфрақұрылымға ерекше көңіл бөлінеді. Бұл Ақкөл ауданындағы алғашқы үйлер.
-“Бұл біздің отбасымыз үшін өте қуанышты оқиға. Бізге қолдау көрсетіп, өмір сүруге қолайлы жағдай жасағаны үшін мемлекетке алғысымызды білдіреміз», — деп атап өтті қоныс иелерінің бірі.