Құрметті жерлестер, баршаңызды келіп жеткен жаңа жылдарыңызбен құттықтаймын!

Автор: | 3 января, 2025
Ел басының “Ana tili” газетіне берген ауқымды сұхбаты кім-кімді болсын бей-жай қалдырмағыны сөзсіз. Әңгіме барысында ең өзекті деген бірталай мәселе ашық талқыланып, алдағы жылы атқарылатын істерге тың серпін беру мақсатында арнайы үндеу жолданғандай сезімде болдым.
Аудан, ауыл — мемлекеттің ажырамас бөлшегіміз. Президентіміз атап өткен мәселелердің бір ұшы біздің қолымызда. Атқарылған, атқарылатын істерде біздің тамшыдай болсын үлесіміз бар.
Менің мәдениет саласында қызмет атқарып келе жатқаныма 20 жылға жуық уақыт болды. Мәдениет, өнер — ел дамуының бірден-бір ықпалды күші десем болады. Биыл да ауданымызда еліміз үшін маңызды іс-шаралар атап өтілді.
Атап айтар болсақ, Кеңес Одағының батыры, армия генералы, тұңғыш қорғаныс министрі С. Нұрмағамбетовтың 100жылдығы қарсаңында жаңа саябақ бой көтеріп, ескерткіші орнатылды. Дәстүрлі түрде өтетін аудандық «Ақмола жұлдыздары» байқауы биыл Жошы Ұлысының 800 жылдығына, Біржан сал Қожағұлұлының 190 жылдығына, Балуан Шолақтың 160 жылдығына және Ақмола облысының 85 жылдығына арналды. Одан бөлек көпдеген мемлекеттік мерекелер мен атаулы даталар да өз деңгейінде аталып өтілді.
“Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында да менің ұжымым экологиялық мәдениеттің озық үлгісін көрсетті десем артық айтпаймын.
Алдағы жылға жоспар өте көп. Президенттің бастамаларын негізге ала отырып оны да еңсереміз деген зор сенім бар!
Раздел: Новости