Ассалаумағалейкум, қызметтестер! Келіп жеткен рамазан айы құт-береке әкелсін! Ораза ұстап, ауыз бекіткен жандардың ниеті қабыл болып, Алла Тағаланың мейірімi жаусын.

Автор: | 1 марта, 2025

Қылған амалдарыңыз сауаптан жазсын, жасаған құлшылықтарыңыздың тiлеуiн берсін! Шаңырақтарыңыз шаттыққа бөленіп, отбасыларыңызға бақыт ұяласын! Әке-шешемiз, бала-шағамыз, ағайын-тума, жақын-жұрағаттарымыз аман болып, арман-мақсаттарыңызға жетiңіздер! Ауру-сырқау, пәле-жала, қайғы-қасірет жоламасын! Науқас жандарға Алла шипасын берсін! Перзент аңсаған жандарға сәби сүйгізсiн. Рухани байытып, материалдық мұқтаждық көрсетпесiн! Қиындық-ауыртпалықтардың бәрі артта қалып, алдымыздан тек жақсы күндер тусын. Сағынысқан жандармен аман-есен қауышуға жазсын! Қазақ мемлекетінiң айбыны асқақтап, Мемлекеттік тіліміздің мәртебесі артсын! Ел-жұртымыз аман болсын, бейбітшілік заман болсын, шекарамыз берiк болсын, арам пиғыл жаудың сағы сынсын! Қазақстан дұшпан көз аларта алмайтындай, қаһарынан жау қорқатындай алып державаға айналсын! Халқымыз бақуатты өмір сүрсін. Оразадан оразаға жылдан жылға кемелденіп жете берейік! Әумин!