Елордалық тұрғын Ұлттық ұлан сарбаздарына алғыс білдірді

Автор: | 1 марта, 2025

 

5573 әскери бөлімінің жауынгерлері елорда полициясымен бірлескен қызметі барысында жаралы азаматқа алғашқы көмек көрсетті.

Байқоңыр ауданындағы тұрғын үйлердің маңынан сарбаздар жерде жатқан ер адамды тауып алған. Қоғамдық тәртіп сақшылары жаралы азаматты дер кезінде медицина қызметкерлеріне табыстады.

Осылайша, ұландықтар ауа райының суықтығына қарамастан жедел әрекет ету арқылы адам өміріне араша түсті. Осы оқиғаға куә болған қала тұрғындарының бірі әскери қызметшілердің жанашыр іс-әрекетін видеоға түсірген.

Айта кетейік, елордалық бригада жауынгерлері Астана қаласының қоғамдық тәртібі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қызмет атқаруды белсенді жалғастыруда.

⚜️⚜️⚜️

Житель столицы выразил благодарность военнослужащим Национальной гвардии

Военнослужащие воинской части 5573, находясь на совместном патрулировании с полицией столицы, оказали первую помощь раненому гражданину.

В районе Байқоңыр бойцы обнаружили мужчину, лежащего на земле неподалеку от жилых домов. Стражи общественного порядка оперативно передали пострадавшего медикам.

Несмотря на холодную погоду, гвардейцы оперативно среагировали и спасли человеческую жизнь. Один из очевидцев снял их неравнодушные действия на видео.

Отметим, что бойцы столичной бригады продолжают активно нести службу по обеспечению общественного порядка и безопасности в Астане.