Қазақстанда New York Film Academy кампусы ашылды. Бұл АҚШ-тан тыс үшінші кампус. Келісімге қол қоюдың онлайн рәсімі Energo University-де ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен New York Film Academy президенті Майкл Янгтың қатысуымен өтті.
Әлемге әйгілі академияның филиалында оқу 29 қыркүйекте Алматы маңындағы Қаскелең қаласындағы Energo University-дің Креативті индустриялар паркінің аумағындағы заманауи кампуста басталады.
АҚШ-тан арнайы келетін NYFA кәсіби дәріскерлері бір жылдық және қысқа мерзімді оқу бағдарламалары аясында бес бағыт бойынша жүргізеді:
⏺Кино (Filmmaking);
⏺Продюсерлік ету (Producing);
⏺Сценарийлік іс (Screenwriting);
⏺Анимациялау және визуалды әсерлер (3D animation & VFX);
⏺Ойын әзірлеу (Game design).
Академияның алғашқы қабылдауына Қазақстаннан және Қытай, Үндістан, Ресей және т.б. елдерден 200-ге жуық студент қабылдау жоспарланған.
