Ауа-райының жылынуына байланысты жану мен өрттердің саны арта бастайды. Әсіресе бау-бақша мен орман алқаптарында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақталмау салдарынан өрттердің саны артып келеді.

Автор: | 24 апреля, 2025

♦️Табиғи өрттердің туындау қаупін азайту мақсатында азаматтардан өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауды сұраймыз:
— жанғыш қоқыстарды шығару және елді мекендердің аумағын жинау, құрғақ өсімдіктерден тазарту және минералданған жолақтарды қалпына келтіру бойынша іс-шаралар жүргізу;
— табиғаттағы демалыстан кейін шыны ыдыстарды жинап, белгілі қоқыс орындарына тастау, себебі күн сәулесі әйнектен өтіп, құрғақ шөпті өртеп жіберуі мүмкін;
— орман және дала алқаптарында от жағуға жол бермеу;
— жанып тұрған сіріңке мен темекі тұқылын лақтыруға жол бермеу;
— табиғи өрттер туындаған жағдайда «112» телефоны бойынша өртке қарсы қызметіне дереу хабарласу қажет.